![background image](/i/lg/15828/lg-mj3281bc/h/lg-mj3281bc-079.png)
7
ҚАЗАҚ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
18
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның беткі қабаттарының температурасы өте жоғары болуы
мүмкін. Гриль режимінде, конвекциялық режимде және өздігінен пісіру жұмыстары кезінде
пештің есігін, ішкі жағын, керек-жарақтары мен ыдыс-аяқты қолмен ұстамаңыз, тазалар
алдында олардың ыстық емес екеніне көз жеткізіңіз.
• Олар ысып кететіндіктен, қалың аспаздық қолғап кимесе, күйіп қалу қатері бар.
19
Пешті үнемі тазалап және тағам қалдықтарын алып тастап отыру керек.
• Пешті таза күйде ұстамау оның беткі қабатының бүлінуіне әкелуі үмкін. Бұл құрылғының
жарамдылық мерзіміне кері әсерін тигізіп, қатерлі жағдайға себеп болуы ықтимал.
20
Егер қыздырғыш термоэлементтер болса, пайдалану кезінде құрылғы ысып кетеді.
Пештің ішіндегі қыздыру бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін абай болған жөн.
• Күйіп қалу қатері бар.
21
әр өндірушінің өз попкорн жасайтын өнімі бойынша берілетін нұсқауларын дәл орындаңыз.
Жүгері қуырылып жатқан кезде пешті қараусыз қалдырмаңыз. Егер жүгері ұсынылған
уақыттан кейін жарылмаса, қуыруды тоқтатыңыз. Жүгеріні қуыру үшін қоңыр қағаз
қапшықты пайдалануға болмайды. Шала піскен дәндерді қуыруға тырыспаңыз.
• Қатты қуырып жіберсе, жүгері жанып кетуі мүмкін.
22
Бұл құрылғыны жерге тұйықтау керек.
Егер қорек сымы бүлінген болса, ықтимал қатерге ұшырамас үшін оны құрылғының
өндірушісі, оның қызмет көрсетуші өкілі немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• Дұрыс пайдаланбау елеулі электр зақымына себеп болуы мүмкін.
23
Пеш есігінің шынысын тазалау үшін түрпілі тазартқыштарды немесе өткір металл
қырғыштарды пайдаланбаңыз.
• Олар беткі қабатына сызат түсіріп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
24
Бұл пешті коммерциялық тамақтандыру мақсаттары үшін пайдалануға болмайды.
• Дұрыс пайдаланбау пештің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
25
осы микротолқынды пештің әшекейлі есігін ашып қойып пайдалану керек.
• Егер жұмыс істеп тұрған кезде есік жабылса, ауа ағыны нашар өтіп, өрт шығуы немесе пеш пен
оның қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
26
Қосылымды қол жететін аша арқылы немесе электр сымдарын тарту ережелеріне сәйкес
қосқышты тұрақты электр желісіне жалғау арқылы жасауға болады.
• Дұрыс келмейтін ашаны немесе қосқышты пайдалану электр тоғы соғуына немесе өрт шығуына
әкелуі мүмкін.
27
Микротолқынды пешті жеке тұрған күйінде пайдалану керек.
28
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезім жүйесіне қатысты шектілікке ие немесе пеш
жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын
адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды
алмайынша не олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
29
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.