![background image](/i/lg/155704/lg-optimus-g-pro-e988/h/lg-optimus-g-pro-e988-277.png)
9
Телефонды тиімді түрде пайдалану
Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмысына әсер ететін кедергілер
болуы мүмкін.
•
Телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында
пайдаланбаңыз. Телефонды кардиостимулятордың жанына,
мысалы, төс қалтада орналастырмаңыз.
•
Ұялы телефондар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
•
Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына,
компьютерлерге, т.б. әсер етуі мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалану туралы
аймағыңыздағы заң және нұсқауларды тексеріңіз.
•
Көлік жүргізгенде, қолда ұсталатын телефонды пайдаланбаңыз.
•
Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
•
Көлік жүргізу ережелері бойынша талап етілсе, қоңырау шалмас
немесе қабылдамас бұрын, көлікті жол шетіне тоқтатыңыз.
•
Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары
секілді көліктегі кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін.
•
Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе
тасымалды сымсыз жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате
жұмыс жасағандықтан, ауа қабының ашылуына кедергі жасауы
немесе ауыр жарақатқа апаруы мүмкін.
•
Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда
не болып жатқанын байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл
жолдардың жанында болғанда әсіресе маңызды.