![background image](/i/lg/155704/lg-optimus-g-pro-e988/h/lg-optimus-g-pro-e988-310.png)
42
Телефонның деректер қосылымын бөлісу
USB модем және Wi-Fi хотспоты — сымсыз қосылымдар қол
жетімді емес кезде тамаша мүмкіндіктер болып табылады.
Телефонның ұялы деректер қосылымын бір компьютермен
USB кабелі (USB-модем) арқылы бөлісуге болады. Сондай-ақ,
телефонның деректер қосылымын бірнеше құрылғымен бөлісуге
болады. Ол үшін телефонды Wi-Fi ену нүктесіне қосу керек.
Телефон деректер қосылымын бөліскенде, күй жолағында
белгіше және хабарландырулар тақтасында ағымдағы
хабарландыру пайда болады.
Модем және жылжымалы ену нүктелері, соның ішінде қолдау
көрсетілетін амалдық жүйелер туралы соңғы ақпаратты және
басқа мәліметтерді алу үшін http://www.android.com/tether
торабына кіріңіз.
Wi-Fi ену нүктесінің параметрлерін өзгерту
1
>
Қосымшалар
қойындысы >
Баптаулар
> СЫМСЫЗ &
ЖЕЛIЛЕР ішінде
Модем ретінде пайдалану & Желілер
>
Wi-
Fi еңу нүктесі
> реттегіңіз келген опцияларды түртіңіз.
КЕҢЕС!
Егер компьютерде Windows 7 жүйесі немесе Linux жүйесінің
кейбір түрлерінің соңғы таратылымы (мысалы, Ubuntu) орнатылған
болса, әдетте компьютерді байланыс үшін дайындаудың қажеті жоқ.
Бірақ сізде Windows жүйесінің бұрынғы нұсқасы немесе басқа амалдық
жүйе орнатылған болса, USB арқылы желілік байланыс орнату үшін
компьютерді дайындау қажет болуы мүмкін. Қай амалдық жүйелер USB
модемін қолдайтыны және оларды реттеу әдісі туралы ақпарат алу
үшін http://www.android.com/tether торабына кіріңіз.
Желілерге және құрылғыларға қосылу