![background image](/i/maxwell/140149/maxwell-mw-3036-g/h/maxwell-mw-3036-g-015.png)
15
ҚазаҚша
15
БУЛЫ ҮТІК
Үтік киімді, төсек жасауларын үтіктеу үшін,
сонымен қатар маталарды тік ылғалдау үшін
арналған.
СУРЕТТЕМЕ
1.
Шашыратқыш шүмегі
2.
Су құятын саңылаудың қақпағы
3.
Үнемі бу жіберу реттегіші
4.
Қосымша бу жіберу пернесі
5.
Су шашыратқыш пернесі
6.
Тұтқа
7.
Желілік шнурдың қорғанышы
8.
Үтіктің түбі
9.
Қыздырғыш элементті қосу/сөндіру көрсеткіші
10.
Суға арналған резервуар
11.
Температура реттегіші
12.
«Self Clean» өздігімен тазалану режимінің
батырмасы
13.
Максималды су деңгейінің көрсеткіші «
MAX
»
14.
Үтіктің табаны
15.
Өлшеуіш стақан
ҚаУІПСІзДІК шаРаЛаРЫ
Электр аспабын пайдалануды бастамас бұрын
пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз және оны анықтама материалы
ретінде қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Приборды дұрыс қолданбау оның бұзылуына
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
•
Қоспай тұрып, электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сай келетінін
тексеріп алыңыз.
•
Желілік шнур «евроашамен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар
электр розеткасына қосыңыз.
•
Өрттің пайда болу тәуекелін болдырмас үшін
құрылғыны электр розеткасына қосқан кезде
өткізушы тоқ құралдарын пайдаланбаңыз.
•
Электр желісіндегі жүк шамадан асып
кетпеуі үшін көп қуатты тұтынатын бірнеше
құрылғыны үтікпен бір мезгілде қоспаңыз.
•
Су құюға арналған сауытқа хошиістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крахмал ерітіндісін,
қақтарды кетіруге арналған реагенттерді,
химиялық заттарды және т.б. құюға тыйым
салынады.
•
Желілік баудың үтіктеу тақтасында
тұрмауын және ыстық беттерге жанаспауын
қадағалаңыз.
•
Приборды
қараусыз
қалдырмаңыз.
Жұмыс кезіндегі үзілістерде үтікті негізіне
орналастырыңыз (тік күйде).
•
Үтікті электр желісіне қосу/ажырату алдын
-
да температура реттегішін минималды күйге
орнатып алыңыз және тұрақты бу жіберуді
ажыратыңыз.
•
Егер үтікті пайдаланбасаңыз, оны әрқашан
желіден ажыратыңыз.
•
Үтікті электр желісінен ажыратқан кезде үнемі
желілік ашадан ұстаңыз, ешқашан желілік
шнурдан тартпаңыз.
•
Электр тоғының соғу қаупін болдырмас үшін
үтікті, желілік шнурды немесе желілік шнур
ашасын суға немесе басқа да сұйықтыққа
батырмаңыз.
•
Үтікті жинап қоюға дейін судың қалдығын төгіңіз
және оған толық салқындауға уақыт беріңіз.
•
Құралды үнемі тазалап отырыңыз.
•
Прибордың корпусын, желілік шнурды немесе
желілік шнур ашасын суға немесе кез келген
басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
•
Су қолдарыңызбен прибордың корпусқа,
желілік шнур ашасын ұстамаңыз.
•
Жұмыс істеп тұрған кезде балаларға прибор
корпусына және желілік шнурға қол тигізуіне
рұқсат етпеңіз.
•
Балалар приборды ойыншық ретінде пайда
-
ланбас үшін оларды қадағалап отырыңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайдаланы
-
латын полиэтилен қапшықтарды қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен пакет
-
термен немесе қаптама үлдірмен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
•
Егер де құрылғының бұзылғандығын
байқасаңыз немесе ол құлап қалғаннан кейін
ақаулықпен жұмыс жасаса, онда құрылғыны
өз бетіңізше жөндемеңіз, жақын маңайдағы
белгіленген (өкілетті) қызмет көрсету
орталыққа апарыңыз.
•
Құрылғыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны балалар және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
•
Үтіктеу кезінде және үтіктеп болғаннан кейін
құрылғының
символымен белгіленген
бетіне қол тигізуге тыйым салынады. Күйіп
қалу қаупі бар.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН