3
Қа
зақша
Мазмұны
Кіріспе ······························································3
Сақтық шаралары············································4
Теледидарды орнату·········································6
Теледидарды жалғау ·········································7
Бастапқы теңшелім ···········································8
Теледидарды пайдалану····································9
Сыртқы кірістен қарау·····································10
Медиаойнатқышты пайдалану··························10
Әдеттегі интерфейсті қолдану·························11
Мәзір атқарымдарын қолдану··························12
Қосымша ақпарат·············································15
Ақауларды жою················································16
Техникалық сипаттамалары······························17
Күтім көрсету····················································18
Анықтамалық ақпарат······································18
Кіріспе
Бұл нұсқаулықта келтірілген суреттер түсінік беру
мақсатында ғана қолданылады. Бұл нұсқаулықта басқа
суреттер болмаса, TX-32DR300ZZ кескіні көрсетіледі.
Кейбір иллюстрацияларда тұжырымдамалық суреттер
көрсетілген, олар шынайы бұйымдардан ерекшеленуі
мүмкін. Иллюстрациялар үлгі мен елге байланысты
өзгешеленуі мүмкін.
___________________________________________________________________________________________________
DVB, сондай-ақ DVB шамдары - DVB Project маркалары
болып табылады.
Компанияларға немесе өнімдердің сауда таңбаларына
арнайы сілтемелер болмағанда да, бұл сауда таңбалары
толығымен танылады.
___________________________________________________________________________________________________
Бұл өнім AVC патенттік жиынтығына сәйкес
тұтынушының жеке және коммерциялық емес қолданар
мақсатында тұтынушымен жеке коммерциялық іс
жүзінде кодталған не/ немесе AVC бейне жазбаларына
рұқсат етілген провайдерлерден алынған ақпаратты
AVC стандартына сәйкес бейне жазбаны кодтау(«AVC
видео») және/немесе (ii) AVC видео жазбасын
декодалау. Басқа мақсатта, жанама немесе тік,
қолдануға рұқсат етілмейді. Қосымша ақпаратты алу
үшін MPEG LA, LLC компаниясына хабарласыңыз.
http://www.mpegla.com қараңыз.
___________________________________________________________________________________________________
Panasonic компаниясы басқа өндірушілердің
перифериялық құрылғыларының жұмыс істеуі
мен қызметіне кепілдеме бермейді және
басқа өндірушілердің осындай перифериялық
құрылғыларының жұмыс істеуі мен қызметінің
нәтижесінде пайда болған зақымдаулары үшін кез
келген жауапкершіліктен бас тартады.
___________________________________________________________________________________________________
|| Қорғау тобы
Осы өнім тұрмыс жағдайда ТВ- бағдарламаны көруге
арналған.
___________________________________________________________________________________________________
Бұл таңба, бұйымның ауыспалы тоқ кернеуінің
астында жұмыс істейтінін білдіреді.
___________________________________________________________________________________________________
DVB атқарымына қатысты ескертпе
● Осы теледидар DVB-T / T2 (MPEG2 мен MPEG4-
AVC(H.264)) цифрлық жер үсті қызметтерінің және
DVB-C (MPEG2 мен MPEG4-AVC(H.264)) цифрлық
кабель қызметтерінің стандарттарына сәйкес әзірленді.
Өз өңіріңізде DVB-T/T2 қызметтеріне қол жеткізу
мәселелері бойынша өзіңіздің жергілікті дилеріңізбен
кеңесіңіз. Осы теледидардан DVB-C қызметтеріне
қол жеткізу мәселесі бойынша кабельдік телевизия
қызметтерінің жеткізушіңізбен кеңесіңіз.
● Егер сигнал DVB-T/T2 немесе DVB-C стандарттарына
сай болмаса, теледидар дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін.
● Елге, аймаққа, хабар таратушыға және қызмет
жеткізушіге байланысты кейбір функциялар қол жетімсіз
болуы мүмкін.
● Бұл теледидармен кейбір CIмодульдері тиісті түрде
жұмыс істей бермейді. CI модулінің жұмысына қатысты
мәселелер бойынша өзіңіздің қызмет жеткізушіңізбен
кеңесіңіз.
● Бұл теледидар, қызмет жеткізуші тарабынан
бекітілмеген CI модулімен тиісті түрде жұмыс істемеуі
мүмкін.
● Қызмет жеткізушіге байланысты, қосымша ақы алынуы
мүмкін.
● Іске қосылуы болашақта жоспарланған қызметтермен
үйлесімділігіне кепілдік берілмейді.
___________________________________________________________________________________________________
Ескерту
Егер басқа құжаттарда өзге нәрсе көрсетілмесе,
төмендегі ережелерді сақтаныңыз.
1 Ажыратылатын немесе ажыратылмайтын бөліктерді
қоспағанда, бұйымды қатты және жалпақ жерге қойыңыз.
2 Жабық және құрғақ жерде сақтаңыз.
3 Тек тік күйінде тасымалдаңыз. Тасымалдау кезінде
лақтыру, аса дірілдеу және басқа заттарға ұрылу
болмасын.
4 Ұлттық және/немесе жергілікті заңнамаға сәйкес
кәдеге жаратыңыз.
Пайдалану ережелері мен шарттары өндірушімен
орнатылмаған және мемлекеттегі тауарды
пайдаланудың ұлттық және/ немесе жергілікті
заңдарына сәйкес болуы тиіс.