16
Қа
зақша
дұрыс емес операция деректерді немесе құрылғыларды
зақымдауы мүмкін.
● Деректердің жоғалуын, бүлінуін теледидардың дұрыс
жұмыс істемеуін болдырмау мақсатында, деректердің
сақтық көшірмесін үнемі жасап тұрыңыз. Panasonic
компаниясы жазылған деректердің нашарлауы немесе
бүлінуі үшін жауапкершілік тартпайды.
Ақауларды жою
Техникалық қызмет көрсетуге немесе көмекке жүгінуден
бұрын, проблеманы шешу үшін осы қарапайым
кеңестерді орындаңыз.Қате туралы хабарлама
көрсетілгенде, сонда келтірілген нұсқауларды
орындаңыз.Егер мәселе әлі де шешілмеген болса,
өтінеміз, Сіздің жергілікті Panasonic дилеріңізге көмек
алу үшін жүгініңіз.
Экран
Экранда қызыл, көк, жасыл немесе қара түсті
нүктелер бар.
●
Бұл, сұйық кристалды панельдерге тән. Сұйық
кристалды панель, дәлдігі өте жоғары технология
бойынша жасалады. Ара-тұра экранда қызыл,
жасыл, көк немесе қара түсті нүкте түріндегі бірнеше
белсенді емес пиксельдер пайда болуы мүмкін. Бұл,
теледидардың жұмысына әсер етпейді және сапаға
қатысты ақаудың бар екенін білдірмейді.
Ретсіз сурет, шулану.
●
Бөгеуілдерді азайту үшін [Сурет] мәзірінде [Шуды басу]
параметрін қойыңыз.
● Жақын жердегі электрлік бұйымдарды тексеріңіз.
Сурет көрсетілмейді.
●
[Суреттер] мәзірінде [Сурет режимі] параметрлерін
тексеріңіз.
● Теледидар AV режимінде емес екеніне көз жеткізіңіз.
Егер теледидар AV режимінде жұмыс істесе, таңдалған
режимнің сыртқы жабдықтың шығысына сәйкестігін
тексеріңіз.
Бұлдыр немесе бұрмаланған сурет.
(Дыбыс жоқ немесе дыбыс деңгейі төмен.)
● Арна теңшелімдерін ысырыңыз.
Әдеттен тыс сурет көрсетіледі.
●
Теледидардың қуат сымының ашасын розеткадан
ажыратыңыз да, қайтадан қосыңыз. Мәселе шешілмей
жатса, [Опциялар] мәзірінде бастапқы нұсқамалардың
барлығын қайтарыңыз.
HDMI арқылы қосылған жабдықтан келетін әдеттен
тыс сурет.
● HDMI кабелінің дұрыс жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
● Теледидар мен жабдықты сөндіріңіз де, қайтадан
қосыңыз.
● Жабдықтан келетін кіріс сигналын тексеріңіз.
● EIA/CEA-861/861D талаптарына сай келетін жабдықты
пайдаланыңыз.
Дыбыс
Дыбыс ойнатылмайды.
● Дыбысты сөндіру теңшелімін және дыбыс
деңгейін тексеріңіз.
Дыбыстың төмен деңгейі немесе дыбыстың
бұрмалануы.
● Дыбыстық сигналды қабылдау нашарлауы мүмкін.
Жалпы ақпарат
Теледидар Күту режиміне өтеді.
● Бұл теледидар электр қуатының күту режиміне
өздігінен ауысуы атқарымымен қамтылған.
Алшақтан басқару пульті жұмыс істемейді немесе
іркіліспен жұмыс істейді.
● Батареяларды ауыстырыңыз.
● Алшақтан басқару пультін теледидардың алшақтан
басқару сигналының қабылдағышына тура дәлдеңіз
(шамамен 7 метрге дейінгі қашықтықта және 30
градустық бұрышта).
● Теледидарды күн сәулесінен алшақ жерге
орналастырыңыз және алшақтан басқару
сигналдарының қабылдағышына жарық сәуленің басқа
да қайнар көздері ықпал етпейтіндігін тексеріңіз.
● Ықтимал командаларға жауап кідіріс қашықтықтан
басқару пультін USB-дискісіндегі бағдарламаларды
жазғанда ақаулық емес.
Теледидардың бөліктері ысып кетеді.
● Алдыңғы, жоғарғы және артқы панельдердің
температурасы көтеріліп кетсе же, бұдан өнімділікке
немесе жұмыстың сапасына байланысты ешқандай
мәселе туындамайды.
Телевизиялық панельмен жанасқан кезде, ол сәл
дірілдейді. Тарсыл естілуі мүмкін.
● Панель, бұзылуын болдырмайтын иілгіш құрылысқа
ие. Бұл ақаулық емес.