Инструкция для PHILIPS SC1992/00, SC1991/00

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

Құралды қолтықтарға пайдалану

Қолтықтарыңызға қолайлы параметрлерді көру үшін «Пайдалануға 

дайындау» тарауының «Жарық қарқынының деңгейін орнату» 

бөліміндегі ұсынылған жарық қарқынының кестесін қараңыз.

Түкті алудан бұрын қолтықтарыңыздан дезодорантты, косметиканы, 

кремді немесе басқа күтім жасаушы өнімді кетіргеніңізге көз жеткізіңіз.

Кеңес Қолтықтарда оңтайлы нәтижелер алу керек болса, өңделетін 

аумақ пен «жарқыл шығаруға дайын» шамы жақсы көрінуі үшін айнаның 

алдында тұрыңыз. Қолыңызды көтеріп, қолтық аумағындағы теріні 

созу үшін қолыңызды желкеңізге қойыңыз.
Ескертпе. Шағылысқан жарық көздеріңізге зиянын тигізбейді. Егер 

шашыраңқы жарық жағымсыз болса, жарықты жіберген кезде 

көздеріңізді жабыңыз.

Ықтимал кері әсерлері және тері реакциялары

Жалпы тері реакциялары:

 

-

Теріңіз аздап қызаруы және/немесе шымшылағандай болуы, дірілді 

немесе жылуды сезінуі мүмкін. Бұл реакция мүлдем зиянсыз және 

жылдам кетіп қалады.

 

-

Күннен күю сияқты тері реакциясы түк алынған аумақта аз уақытқа 

орын алуы мүмкін. Егер ол 3 күннің ішінде кетпесе, дәрігерге 

қаралуға кеңес береміз.

 

-

Құрғақ тері және қышыма қырыну және жарықпен түкті алу 

амалынан пайда болуы мүмкін. Бұл зиянсыз және бірнеше күннің 

ішінде кетеді. Аумақты мұзбен немесе дымқыл орамалмен 

салқындатуға болады. Егер құрғақтық кетпесе, түкті алғаннан кейін 

түк алынған аумақта 24 сағат бойы хош иіссіз ылғалдандырғыш 

кремді қолдануға болады.

Сирек кездесетін кері әсерлері:

 

-

Күйіктер, артық қызару және ісу: бұл реакциялар өте сирек болады және 

әдетте теріңіздің түсіне тым жоғары жарық қарқындылығын пайдалану 

нәтижесі болып табылады. Егер бұл реакциялар 3 күннің ішінде кетпесе, 

дәрігерге қаралуға кеңес береміз. Тері толығымен қалпына келгенше 

күтіп, төменірек жарық қарқындылығын пайдаланыңыз.

 

-

Терінің өңсізденуі: бұл өте сирек кездеседі. Терінің өңсізденуі қоршаған 

аумақтан күңгірттеу немесе ашықтау бөлік ретінде көрінеді. Бұл — 

теріңіздің түсі үшін тым жоғары жарық қарқындылығын пайдаланудың 

нәтижесі. Сирек жағдайларда (әдетте, тым күңгірт теріде тым жоғары 

қарқындылықты пайдалану нәтижесі), пигмент өзгерісінің әсерлері 

әдетте бақыланғаннан ұзағырақ созылуы мүмкін. Барлық жағдайларда 

әсерлер соңында қайтарылады. Өңсіздену кеткенше және терінің 

қалыпты түсі қалпына келгенше өңдемеңіз. 

 

-

Терінің ауру жұқтыруы және қабынуы: ол өте сирек болады 

және құралды жараларға немесе қырынудан болған кесіп кеткен 

жерлерге, бұрыннан бар жараларға немесе өскен түктерге 

пайдаланудан болуы мүмкін.

ҚАЗАҚША

38

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
Оглавление инструкции

Document Outline