![background image](/i/samsung/76452/samsung-rb-41j7851ef/h/samsung-rb-41j7851ef-080.png)
8 Kazakhstan
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
• Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура
түсетін немесе сулы (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.
• Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
-
Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алып, Samsung
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
-
Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
• Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып
тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар
т.с.с.).
-
Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат
алу қаупі пайда болуы мүмкін.
• Құрылғыны жерге дұрыс қосу керек.
• Құрылғыны газ құбырына, пластик су құбырына немесе телефон жүйесіне
тұйықтамаңыз.
-
Тоңазытқышты міндетті түрде тоңазытқыштан жылыстап шыққан электр
тоғына соғылып қалмау немесе өрт қатерін болдырмау үшін жерге қосу керек.
-
Себебі электр қатері, өрт, жарылыс немесе құрылғыға байланысты ақау
пайда болуы мүмкін.
-
Қорек сымын ешқашан дұрыс жерге қосылмаған розеткаға қоспаңыз және
оның жергілікті және мемлекеттік стандарттарға сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші
немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
• Тоңазытқыштағы сақтандырғышты білікті техник немесе қызмет көрсету
компаниясы ауыстыруға тиіс.
-
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері пайда болуы немесе адам жарақат
алуы мүмкін.