![background image](/i/samsung/109551/samsung-rl41ecis/h/samsung-rl41ecis-110.png)
6
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Тоңазытқыштың тасымалдау кезінде ішінен алынған барлық сөрелері мен бөлімдерін қайтадан орнына
орнатыңыз.
Қаптау мен тасымалдау кезінде тоңазыту/мұздату камералары мен оның жиынтығына кіретін
жабдықтарына түскен шаң-тозаңды тазалаңыз.
Тоңазытқыштың есігін ашыңыз. Есікті ашқан кезде тоңазытқыштың ішіндегі жарығы жанады.
Сіздің тоңазытқышыңызда оның ішіндегі температураны реттеуде дүркін-дүркін қосылып тұратын
компрессор бар. Оны желіге қосқаннан кейін шамамен бес минут бойы ол шуылдап жұмыс
істеуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және оның ақауы болып табылмайды. Тоңазытқыштың ішкі
температурасы барынша төмендегеннен кейін оған азық-түліктерді салыңыз. Тоңазытқышты
қосқаннан кейін оның ішінде қажетті температураға қою үшін бірнеше сағат өтуі тиіс.
Егер тоңазытқыш дұрыс істемесе, оның ауыспалы тоқ желісіне қосылғандығын тексеріңіз. Егер
қиындықты шеше алмасаңыз Самсунг Электроникс компаниясының авторизацияланған қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тоңазытқыштышты пайдалануға дайындау үшін және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеру үшін
келесі әрекеттерді орындаңыз.
БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
А. Базалық үлгі
Operation (Жұмыс) түймешесі
• Егер сіз тоңазытқышты сөндіргіңіз келсе, осы түймешені
3 минут бойы басып тұрыңыз.
Temp. Control (Температураны реттеу) түймешесі
• Тоңазытқыштың температурасын реттеу үшін Temp. Control түймешесін басыңыз.
• Тоңазытқышты қосқан кезде оның температурасы орташа бағамға қойылады.
• Температураның бес индикатордан көрсетілетін (1) бес деңгейі бар. Мұздату камерасындағы температура тоңазыту
камерасына қойылған температураға сәйкес өзгеріп отырады. Барлық индикаторлар жанып тұрса, онда ең төменгі
температураға қойылған.
• Қажетті температураға қою үшін Temp. Control түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
• Мұздату камерасының температурасы тоңазыту камерасының температурасына сәйкес автоматты түрде өзгеріп отырады.
• Егер көп мөлшердегі азық-түлікті мұздату қажет болса, 24 сағат бұрын мұздату камерасын ең төменгі температураға
қойыңыз.
➀
Қосылып тұрған тоңазытқышты құрастыруға тырыспаңыз.
– Ол электр тоғының соғуына немесе тоңазытқыштың
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Ескерту
Температураны түзегішпен ең төменгі температураға қойып, тоңазытқышты бір сағаттай істетіп қойыңыз.
Мұздату камерасы кішкене сууы керек, ал компрессор қозғалтқышы ақырын шуылдап, жұмсақ істеуі керек.
DA99-01220P.indb 6
2010.12.14 8:2:44 PM