шаңсорғышты құрастыру
_19
02
ШАҢСОРҒЫШТЫ
ҚҰРАСТЫРУ
БЕЙНЕБЕТ БӨЛІГІ
1. Сандар бейнебеті
-
Таймер бейнебетін, үрдіс қалып-күйін, қате кодтарын сандар мен қаріптер, графикалық
элементтер арқылы көрсетеді.
2. Апталық кезекке қою
-
Аптаның белгілі бір күні көрсетілген уақытта тазалауды бастау үшін апталық кезекке
қойылған кезде, аптаның таңдалған күнін білдіретін белгіше іске қосылады.
3. Батарея деңгейінің индикаторы
-
Зарядтау: Зарядтау үрдісін 3 қадам бойынша көрсетеді.
-
Қолдану барысында: Батарея зарядының деңгейін көрсетеді. Батарея зарядының деңгейі,
құрылғы жұмыс жасаған кезде ТОЛЫҚ деңгейден, деңгей санап төмендей бастайды. (Батарея
заряды әбден таусылған кезде, бір деңгей жыпылықтайды да, “Lo” көрсетіледі.)
4. Таймер
-
Тазалау жоспарланған кезде, Таймер белгішесі жанады.
5. Шаң сезгіш режимі
-
Бұл белгіше Шаң сезгіш режимі іске қосылған кезде жанады.
6. Турбо режимі
-
Бұл белгіше Турбо режимі іске қосылған кезде жанады.
7. Тазалау режимі бейнебеті
-
Тазалау режимі түймешігі басылған сайын тиісті тазалау режимі көрсетіледі.
(a) Автоматты режим:
Бұл белгіше Автоматты тазалау режимі таңдалған кезде жанады.
(B) Іріктеп тазалау:
Бұл белгіше Іріктеп тазалау режимі таңдалған кезде жанады.
(C) Ауқымды тазалау:
Бұл белгі Ауқымды тазалау режимі таңдалған кезде жанады.
ТҮЙМЕШІКТЕР
8. Тазалау режимі
-
Тазалау режимін таңдау үшін басыңыз. Тазалау режимін таңдағаннан кейін, тазалай бастау
үшін
түймешігін басыңыз.
9. Бастау/Тоқтату
-
Тазалау жұмысын бастау/тоқтату үшін басыңыз.
10. Қайта зарядтау
-
Бұл белгіше шаңсорғыш робот батареясын зарядтау үшін зарядтағышқа қайтқан кезде жанады.
■
Бейнебет панелі
2
1
7
3
4
5
6
8
9
10
a
B
C