51
Құрылғы баптауы және мәзірі
Қоңыраулар мен хабарламалар
Өзіңіздің қалауыңызға сәйкес құрылғыны бастапқы
мәзірдегі «Баптаулар» тармағы арқылы баптауға бола
-
ды. Баптаулар мәзіріне кіру мүмкіндігін алу үшін, осы
тармаққа курсорды орнат және ОК бас.
«Баптаулар»
мәзір
тармақтары
қызметтік
ерекшеліктеріне сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерге
іріктелінген.
Әрбір тармақтың сипаттамасын «Пайдаланылуы бой
-
ынша нұсқаулықтан» таба аласыз.
Қоңыраулар
Барлық келетін, кететін және қабылданған қоңыраулар
«Қоңыраулар» мәзір бөлімінде сақталады. Берілген
мәзірге кіруге мүмкіндік алу үшін, оны бастапқы
мәзірден таңдап алу қажет, осы тармаққа курсорды ор
-
нат және ОК бас.
Көргіңіз келген қоңырау түрі туралы ақпаратты
мәзірден таңдап ала аласыз (барлық келетін, кететін,
қабылданған).
«Қоңыраулар» мәзірінен қабылданбаған, қабылданған
және терілген қоңырауды, болмаса жаңа нөмірді қолмен
теріп тез жүзеге асыруға болады.
Абоненттен телефон қоңырауы түскеннен кейін
қоңырау шалған адамның белгі-идентификаторы, оның
аты және телефон нөмірі көрсетілген, байланыс тізімінен
«Келетін қоңырау» экраны ашылады (телефон нөмірінің
көрсетілуі желі баптауларына байланысты).
Телефон қоңырауын қабылдау үшін ОК басыңыз, ал
қабылдамас үшін «Болдырмау» пернесін басасыз.