![background image](/i/vitek/147527/vitek-vt-1633-vt/h/vitek-vt-1633-vt-021.png)
21
ҚАЗАҚ
• Алма шырынын даярлау барысында,
оның қанықтылығы пайдаланған
алмалардың сұрыпына байланысты
екенін есте сақтаңыз.
•
Сіздің талғамызыға сай келетін
шырын беретін алмалардың
сұрыпын таңдаңыз.Шырынды
жемістерден қабығымен қоса
шығарыңыз. Ортасын алу міндетті
емес.
• Алма шырыны тез қараяды, оған
бірнеше тамшы лимон шырынын
тамызыңыз, ол шырынның қараю
үрдісін кідіртеді.
• Шырынды дайындай салысымен
ішіңіз. Ұзақ уақыт сақталғанда
шырын дəмдік қасиеттері мен
тағамдық құндылығын жоғалтады
•
Егер шырын тоңазытқышта
сақталатын болса, ол жердегі
өнімдердің бөгде иістерін сіңіріп
алмас үшін, шырынды таза, қақпағы
бар шөлмекке құйып қойыңыз.
Темірдің дəмі шығып кетпес үшін,
шырынды темір сыймада сақтауға
болмайды.
• Шырынсыққышта крахмал немесе
пектиннің дəрежесі өте жоғары
өнімдерді, мысалы, банандар,
папайя, авокадо, инжир, өрік, манго,
қызыл немесе қара қарақатты,
өңдемеген жөн. Бұл жемістерді
өңдеу үшін басқа ас үй құралдарын
пайдаланыңыз.
• Шырынсыққыш
кокос,
рауғаш
немесе айва сияқты өте қатты
жəне талшықты өнімдерді өңдеуге
арналмаған.
ШЫРЫНСЫҚҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ
• Жұмыс
аяқталғаннан
кейін
немесе тазалау алдында
құрылғыны сөндіріп, үнемі
электржеліден ажыратып қойыңыз.
•
Барлық алынбалы бөлшектерін
бейтарап жуғыш құралы қосылған
жылы сумен жуған дұрыс.
• Үгіткіш-сүзгінінің (3) тесіктерін теріс
бетінен жуған ыңғайлы.Үгіткіш-
сүзгіні жуу барысында сақ болыңыз,
үгіткіштің беті өткір. Үгіткіш-сүзгіні
жуу үшін ыдыс жуу машинасын
пайдаланбаңыз.
• Шырынсыққыштың мотор блогын
(7) ылғал матамен сүртіңіз. Мотор
блогын су астында жууға немесе
суға батыруға тиым салынады.
•
Қатты губкаларды, абразивты,
агрессивты тазалағыш құралдары,
сондай -ақ, еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
• Кейбір
өнімдер,
мысалы,сəбіз,
қызанақ немесе қызылшаны өңдеу
барысында шырынсыққыштың
пластик бөлшектері боялып қалуы
ықтимал. Дақтарды жою үшін,
өсімдік майына малынған матамен
сүртіп жіберіңіз де, бөлшектерді
жұмсақ жуғыш құралы қосылған
жылы сумен жуып, кептіру керек.
САҚТАУ
•
Сақтауға жинастырмас бұрын,
жқұрылғы электр желіден ажырап
тұрғанын тексеріңіз.
• ШЫРЫНСЫҚҚЫШТЫ
ТАЗАЛАУ
тарауының талаптарын орындаңыз.
• Құрылғыны
құрғақ,
салқын,
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
1633.indd 21
1633.indd 21
01.07.2010 17:00:23
01.07.2010 17:00:23