![background image](/i/vitek/148151/vitek-vt-6407-w/h/vitek-vt-6407-w-022.png)
22
ҚазаҚша
Ескертпе:
Базалық блок желілік адаптерден де,
батарея арқылы да жұмыс істеуге
арналған. Желілік адаптер арқылы
жұмыс істеген кезде дисплей тұрақты
жарықпен жұмыс істейді.
Базалық блоктың батареяларын ауы
-
стыру
Дисплейдің көрсетуі үйлесімдігі біршама
төмендеп кеткен жағдайда, базалық
блоктағы батареяларды ауыстыру керек.
Қашықтық датчигінің батареяларын
ауыстыру
Батареялардың қуатсыздануы туралы
тиісті пиктограмма пайда болған кезде
оларды ауыстыру керек.
Ескертпе: Қашықтық датчигі жоғарғы және
төменгі температура жағдайларында ұзақ
уақыт бойы жұмыс істеген кезде оның
батареяларының кернеуі төмендеп кетуі
мүмкін, осының арқасында оның әрекет
ету радиусы қысқарады.
Жұмыстың басы
Базалық блокты желіге қосқан кезде неме
-
се батареяларды базалық блокқа орнатқан
кезде 2 дыбыстық белгі естіледі, дисплей
жарыңғы жанады, ал дисплейде
белгісі
жыпылықтай бастайды, бұл базалық блок
қашықтық датчиктен сигналды іздеуді
бастады дегенді білдіреді.
Қашықтық
датчикке
батареялар
орнатылғаннан кейін 1 минут аралықпен
деректерді (температура мен ылғалдықты)
беру басталады.
Деректер алынғаннан кейін бірнеше
секундтан соң олар базалық блоктың
дисплейінде көрінеді. Деректерді жаңарту
автоматты түрде 1 минуттан кейін
жүргізіледі.
Қашықтық датчиктен сигнал болмаған
кезде дисплейдің оң жақ жоғарғы
бұрышында “--“ таңбалары пайда болады.
Базалық блок пен қашықтық датчикті син
-
хрондау үшін ▼ түймесін басып, 2 секунд
бойы ұстап тұрыңыз.
Базалық блок пен қашықтық датчигін
орналастыру
Сіз қашықтық датчигін үстел үстіне
де, тиісті саңылауды (12) пайдала
-
нып қабырғаға да орналастыра ала
-
сыз. Датчикті орналастырған кезде
оның мықтап бекітілгеніне көз жеткізіп
алыңыз. Датчикті метал беттердің қасына
орналастырмаңыз. Қашықтық датчигін
деректерді тиімді беру радиусы шегінде
және барынша базалық блокқа жақын
жерге орналастырыңыз. Базалық блок
пен қашықтық датчикті деректерді өте
жақсы беруі үшін кедергісі төмен жер
-
лерге орналастырыңыз. Қашықтық
датчиктің деректерді беру радиусы (ашық
жерде 30 метрге дейін) жайдың аралық
бөлмелерінің құрылыс материалына
және олардың санына байланысты бола
-
ды. Орналастырудың бірнеше нұсқасын
байқап көріңіз және базалық блокты
және қашықтық датчикті орналастырудың
оңтайлы нұсқасын таңдаңыз. Қашықтық
датчигі ауа райының ықпалынан
қорғалғанына қарамастан, оны тікелей
күн сәулелері, жаңбыр немесе қар
тимейтіндей етіп орнату керек. Сыртқы
өткізгіш датчигі қоршаған ортаның темпе
-
ратурасы -9,9 оС-ден төмендеген кезде
пайдаланылады. Бұл жағдайда қашықтық
датчигі бөлмеге орналастырылады да, ал
сыртқы өткізгіш датчик – бөлменің сырты
-
на орнатылады.
VT-6407_IM_18x14.indd 22
15.05.2013 14:19:39