![background image](/i/aeg/33543/aeg-favorit-45000/h/aeg-favorit-45000-010.png)
Бағдарлама тетігі
Бағдарлама тетігінің көмегімен мына әрекеттерді орындауға болады:
• Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
• Жуу бағдарламасын орнатуға
• Су жұмсартқыштың деңгейін электронды тәсілмен баптаңыз ('Су жұмсақтайтын
бұйымын салу' тарауын қараңыз)
• Шайғыш зат үлестіргішті қосуға не өшіруге (multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана) болады.
Құрылғыны іске қосуға және жуу бағдарламасын орнатуға арналған
Бағдарлама тетігін бағдарлама көрсеткіші басқару панеліндегі жуу
бағдарламаларының біріне келгенше бұраңыз.
• Бағдарлама көрсеткіші жуу бағдарламасына келген кезде, сандық бейнебетте
бағдарлама уақыты көрсетіледі.
• Бағдарлама көрсеткіші жуу бағдарламасына қойылмаса, сандық бейнебетте екі
көлденең қалып-күй жолағы көрсетіледі.
Құрылғыны сөндіруге арналған
Бағдарлама тетігін бағдарлама көрсеткіші "off" (сөндірулі) қалпына келгенше бұраңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату және бастау үшін
• Кешіктіріп бастау бағдарламасын орнату және бастау үшін
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін
• Шайғыш зат үлестіргішті қосу не өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана) үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрады:
• Бейнебетте бағдарламаның уақыты жыпылықтайды
• Бір немесе бірнеше циклдің индикатор шамдары жанады.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрмайды.
• Бейнебетте жуу бағдарламасының уақыты немесе кешіктіріп бастау уақыты
жыпылықтамайды
• Бір немесе бірнеше циклдің индикатор шамдары жанады.
– Параметрді орнату режиміне оралу үшін бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
функциясын ('Жуу бағдарламасын таңдау және бастау') біржола тоқтату керек.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
10
Құрылғыны қолдану