![background image](/i/aeg/33543/aeg-favorit-45000/h/aeg-favorit-45000-019.png)
• Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикатор шамдары жанады.
3. Start түймешігін басыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
• Жұмыс істеп тұрған цикл индикаторынан басқа циклдердің индикаторлары сөнеді.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.
2. Жуу бағдарламасын (құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз) орнатыңыз.
3. Delay түймешігін бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтайды.
4. Start түймешігін басыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады.
• Енді кешіктіріп бастау уақыты бейнебетте жыпылықтамайды
• Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикатор шамдары сөнеді.
5. Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
• Орындалып тұрған циклдің индикаторы жанады.
Құрылғы есігін ашқанда, кері санақ тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, кері санақ
тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз
Start баспасаңыз, кері санақ функциясы қосылып тұрмаса
1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше Delay түймешігін қайта-қайта басыңыз:
• Бейнебетте орнатылған жуу бағдарламасының ұзақтығы көрсетіледі
• Цикл индикаторлары жанады.
2. Жуу бағдарламасын бастау үшін Start түймешігін басыңыз.
Start бассаңыз, кері санақ функциясы орындалып тұрса
1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше Delay түймешігін қайта-қайта басыңыз:
• Бейнебетте орнатылған жуу бағдарламасының ұзақтығы көрсетіледі
• Цикл индикаторлары жанады.
Жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.
– Жуу бағдарламасы тоқтайды.
• Құрылғы есігін жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтатыңыз
Егер жуу бағдарламасы басталмаса, параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде параметрді өзгерту үшін бағдарламаны
біржола тоқтату керек.
• Бейнебетте келесі көрсетілгенше Multitab және Delay түймешіктерін қатар басыңыз:
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
19