![background image](/i/aeg/33543/aeg-favorit-45000/h/aeg-favorit-45000-014.png)
3. Жуу бағдарламасы барысында төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін
сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын орнына түскенше басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта орнатылған мән : 4.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 6 (ең көп) аралығында қоюға
болады.
Шайғыш заттың мөлшерін көбейту үшін шайғыш зат тетігін
6
бұраңыз.
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш заттар болады.
Бұл таблеткалардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш құралдардың
орамындағы нұсқауларға қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз. Жуу бағдарламасы
жұмыс жасап тұрған кезде, функцияны іске қоса алмайсыз.
Multitab функциясын қосу
• Multitab түймешігін басыңыз, multitab индикаторы жанады. Функция қосулы.
– Multitab функциясын орнатсаңыз, қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке пайдалану үшін
1. Multitab түймешігін басыңыз, multitab индикаторы сөнеді. Функция сөндірулі.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Судың кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
Ақыл-кеңес
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
14
Мульти таб функциясы