![background image](/i/candy/94034/candy-ckbc3380e-1/h/candy-ckbc3380e-1-016.png)
KAZ 14
Сізге бұл бұйымды сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Тоңазытқышты іске пайдалана бастардың алдында оның барлық мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін, осы нұсқауды мұқият оқып
шығыңыз. Бұл бұйымға ілесетін бүкіл құжаттаманы келесі иеленушілер пайдалануы үшін сақтап қалыңыз. Бұл бұйым тек тұрмыстық жəне
сол іспетті, мысалы:
- дүкендерде, офистер мен басқа да жұмыс үй-жайларында қызметші құрамның асүйде пайдалануы;
- қала сыртындағы үйлерде пайдалану, отельдерде, мотельдерде жəне басқа тұрғын үй-жайларда клиенттердің пайдалануы;
- "түнеу жəне таңғы ас" типті қонақүйлерде пайдалану;
- тамақтандыру қызметтерін көрсету жəне бөлшек сауда үшін пайдаланудан өзге сол іспетті қолдану секілді қолдануға арналған.
Бұл электр аспап тек тағам өнімдерін сақтау үшін пайдаланылуға тиіс. Кез келген басқа қолдану қауіпті болып саналады жəне өндіруші
ондай қолданудың теріс салдары үшін жауапкершілік көтермейді. Сондай-ақ кепілдік шарттарымен танысып шығуға кеңес береміз.
Тоңазытқышта R600a тоңазытқыш агент (изобутан) жəне жылу оқшаулағыш газ болады, олар
қоршаған ортаны ластау тұрғысынан қауіпсіз, бірақ сонда да жанғыш газдар болып табылады.
Қауіпті жағдаяттардың туындауына жол бермеу үшін, төмендегі қауіпсіздік техникасы ережелерін
ұстану қажет:
• Осы электр аспапқа қызмет көрсетуге байланысты қандай да бір операцияларды орындаудан
бұрын қоректендіру бауын электр розеткасынан суырыңыз.
• Тоңазытқыштың артқы қабырғасында жəне ішінде орналасқан тоңазытқыш жүйенің құрамында
тоңазытқыш агент болады. Тоңазытқыш жүйенің құбырларын зақымдап алмау үшін сақ болыңыз.
• Егер тоңазытқыш жүйеден тоңазытқыш агенттің жылыстауы анықталса, қоректендіру бауынан
ұстамаңыз жəне электр аспаптың маңында ашық отты пайдаланбаңыз. Терезені ашып, үй-жайды
желдетіңіз. Содан кейін сервистік орталыққа қоңырау шалып, тоңазытқышты жөндеуді орындау
үшін маманды шақырыңыз.
• Тоңазытқыштың ішінде түзілген мұзды немесе қырауды пышақпен немесе басқа бір өткір затпен
қырмаңыз. Бұл тоңазытқыш жүйенің зақымдалуына жəне одан тоңазытқыш агенттің ағуына əкеліп
соғуы, ал ол болса, өз кезегінде, өртке немесе сіздің көзіңізге зақым келуіне əкеліп соғуы мүмкін.
• Электр аспапты сыз, май төгілген немесе шаң басқан үй-жайларда орнатпаңыз, оны тура күн
көзінің жəне судың əсерінен сақтаңыз.
• Электр аспапты қыздырғыштар мен жанғыш материалдарға жақын орналастырмаңыз.
• Ұзартқыш баулар мен электр жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
• Қоректендіру бауына шамадан артық күш салмаңыз жəне қоректендіру бауын бүктемеңіз,
сондай-ақ оны су қолмен ұстамаңыз.
• Қоректендіру бауы мен қоректендіру бауының ашасын зақымдап алудан сақ болыңыз; бұл электр
тогының соққысын алуға немесе өрт шығуға əкеліп соғуы мүмкін.
• Қоректендіру бауының ашасы таза болуға тиіс; қоректендіру бауының ашасында шаң көп
жиналса, бұл өрт шығуға себеп болуы мүмкін.
• Тоңазытқышты жібіту үдерісін тездету үшін механикалық құрылғылар мен басқа жабдықты
пайдаланбаңыз.
• Тоңазытқышты жібіту үдерісін тездету үшін ашық отты немесе қыздырғыштар, бумен
тазалағыштар, білтелер, майшамдар секілді жəне оларға ұқсас жабдықты пайдалануға
үзілді-кесілді тыйым салынады.
• Тоңазытқышқа жақын жерде ыстық, мысалы, аэрозольдік қапталыыымдағы бояулар секілді
спрейлерді пайдаланбаңыз жəне сақтамаңыз. Бұл талаптың орындалмауы жарылысқа немесе
өртке əкеліп соғуы мүмкін.
• Егер тоңазытқышты өндіруші ондай аспаптарды ұсынбаған болса, тамақ сақтауға арналған
бөлімдердің ішінде электр аспаптарды пайдаланбаңыз.
• Тоңазытқышқа ыстық жəне жылдам ұшқыр, мысалы, бензин, сұйытылған мұнай газы, пропан,
аэрозольдік қапталымдағы зттектер, желімдер, таза спирт секілді жəне т.т. материалдарды
қоймаңыз. Бұл талаптың орындалмауы жарылысқа əкеліп соғуы мүмкін.
• Тоңазытқышта медикаменттер мен ғылыми зерттеулерге арналған материалдарды
сақтамаңыз. Олар үшін қатаң бақылау талап етілетін материалдарды сақтаған жағдайда,
ондай материалдар бүлінуі мүмкін, немесе бақылаудан тыс химиялық реакция орын алып,
ол қауіпті жағдаяттардың туындауына əкеліп соғуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың корпусындағы жəне тоңазытқыш оның ішіне орнатылатын жиһаздағы желдету
ойықтарының кірмен немесе шаңмен бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
• Тоңазытқыштың үстіне су толтырылған ыдыстарды жəне/немесе контейнерлерді қоймаңыз.
• Тоңазытқышты жөндеуді өз бетіңізбен орындамаңыз. Барлық жөндеу жұмыстарыыын тееек
тиісті біліктілікке ие қызметші құрам орындауға тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ