5-ші сурет
6-шы сурет
2 - 3
Й
Й
Й
Й
4 - 6
6 - 8
10 - 12
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМШЕ
4-ші сурет
Қоса орнатылатын техника
ӨНІМДЕРДІ ДҰРЫС САҚТАУ
Тоңазытқыш бөлімше
Мұздатқыш бөлімше
Практикалық кеңестер
•Тамақтың хош иісін, нəрлік сипаттары мен тыңдығын сақтап қалу
үшін, тамақты тоңазытқыш бөлімшеде төменде келтірілген 4-ші
суретте көрсетілгендей сақтауға кеңес беріледі Өнімдерді фольгаға
немесе пластик таспаға ораңыз немесе тамақты тиісті жабық
контейнерлерде сақтаңыз. Бұл тамақ тоңазытқышта сақталатын
басқа өнімдердің иістерін сіңірмеуі үшін қажет
Жемістер / Көкөністер
•Жемістер мен көкөністердегі ылғалдың ысырабын азайту үшін,
ондай өнімдер жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған бөлімде
пластик таспаға ораулы түрде немесе пластик пакеттерде
сақталуға тиіс Бұл ондай тағам өнімдерінің жылдам бұзылуына жол
бермейді
символымен көрсетілген бөлімшелер үшін төмендегі берілген
кестені пайдаланыңыз
Өнімдерді мұздату тек символымен көрсетілген бөлімшелерде
жүзеге асырыла алады.
ЕСКЕРІМ:
Егер тоңазытқышқа тым көп өнім жүктелген болса,
нмсс егер тоңазытқыштың есікшесі тым жиі ашыла
беретін болса, онда индикаторда ОК сөзі
көрсетілмеуі мүмкін. Термостаттың тұтқасын одан
көрі төмен температураға сəйкес қалыпқа
орнатудан бұрын 10 сағат күтіңіз
Тоңазытқыш бөлімшенің нөлдік аймағы
(модельдердің барлығында бірдей бола бермейді)
Төмендегі көрсетілген аймақ ет, балық, тауық етін жəне т.т. сақтау
үшін ұсынылады, бұл аймақта жемістер мен көкөністерді сақтамаңыз,
өйткені олар мұздап қалуы мүмкін
Ең суық аймақтағы температура индикаторы
(модельдердің барлығында бірдей бола бермейді)
Тоңазытқыштардың кейбір модельдері сіз тоңазытқыштың ішіндегі
температураны бақылай алуыңыз үшін, тоңазытқыш бөлімшенің ең
суық аймағындағы температураның индикаторымен жабдықталған
Бұл символ тоңазытқыш бөлімшенің ең салқын аймағын көрсетеді
(5-ші сурет).
Өнімдерді салқындату үшін ауаның қалыпты циркуляциясын қамтамасыз
ету үшін, өнімдерді тоңазытқыштың сөрелерінде бірдей аралықтарда
орналастырыңыз
•Өнімдер тоңазытқыш бөлімшенің артқы қабырғасына тиіп тұрмайтын
болуға тиіс
•Тоңазытқышқа ыстық тамақты қоймаңыз, өйткені бұл тоңазытқышқа
бұрын салынға тамақтың бүлінуіне жəне электр энергиясы шығынының
жоғарылауына əкеліп соғуы мүмкін
• Өнімдерді тоңазытқышқа салардан бұрын олардың орамасын алып
тастаңыз
• Тоңазытқышқа тəрелкелер мен басқа ыдысты алдын ала жумай қоймаңыз
• Суық ауа жіберуге арналған желдеткіштің ойықтарын өнімдермен
көлегейлемеңіз
• Ауаның қалыпты циркуляциясын қамтамасыз ету үшін, көкөністерге
арналған жəшіктің шыны сөресін жаппаңыз
• Мұздатқыш бөлімшеде сусындар бар шөлмектерді сақтамаңыз,
өйткені мұздаған кезде олар жарылуы мүмкін
• Электр энергиясын жіберуде ұзақ үзіліс болған жағдайда,
тоңазытқыштың есікшелері ашылмауға тиіс. Бұл тамақтың мүмкіндігінше
ұзақ салқын күйінде қала беруі үшін қажет
• Тоңазытқышты температурасы жоғары жəне ылғалдылығы жоғары
үй-жайда орнату, сондай-ақ тоңазытқыштың есікшелерін жиі аша беру
мен ода көкөністердің тым көп көлемін сақтау конденсаттың түзілуіне
жəне электр аспаптың қалыпты жұмысының бұзылуына əкеліп соғуы
мүмкін
• Электр энергиясының тұтынысының тым жоғарылауына жол бермеу
үшін, тоңазытқыштың есікшелерін тым жиі жəне тым көп уақытқа аша
бермеңіз
Индикаторда ОК деген сөздің анық көрсетілетінін тексеріңіз (6-шы сурет).
Егер ол сөз көрсетілмейтін болса, онда бұл тоңазытқыштағы
температураның тым жоғары екенін білдіреді Ондай жағдайда
температураны термостаттың тұтқасын пайдаланып реттеңіз де,
10 сағат күтіңіз Индикаторды тексеріңіз. Қажет болған жағдайда
температураны реттеуді қайталаңыз
KAZ 17