![background image](/i/electrolux/126853/electrolux-esf-63021/h/electrolux-esf-63021-021.png)
• Жартылай толтыру функциясын
қолданған кезде жуғыш заттың
үлестірілу мөлшерін азайтыңыз.
• Функцияны орнату үшін жартылай
толтыру түймешігін басыңыз.
– Жартылай толтыру функциясын
таңдау мүмкін болса, жартылай
толтыру функциясының шамы
жанады.
Жартылай толтыру түймешігі
басылса, бағдарламаның ұзақтығы
қысқарып, су және қуат аз мөлшерде
тұтынылады.
Бағдарлама түймешесі және қосу/өшіру
анықтағыш шамы
• Жуу бағдарламасын орнату үшін
бағдарлама түймешесін сағат
бағытымен не сағат бағытына қарсы
бұраңыз. Бағдарлама түймешесіндегі
бағдарлама көрсеткіші басқару
панеліндегі жуу бағдарламаларының
біріне сай келу керек.
– Қосу/өшіру анықтағыш шамы
жанады(ON қалпы).
• Құрылғыны өшіру үшін бағдарлама
түймешесін бағдарлама көрсеткіші
қосу/өшіру анықтағыш шамына сай
келгенше бұраңыз.
– Қосу/өшіру анықтағыш шамы
өшеді(OFF қалпы).
Құрылғыны пайдалану
Процедураның әр сатысы үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1. Су кермектігінің деңгейі
аймағыңыздағы судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Қажет
болса су жұмсартқышты орнатыңыз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз.
4. Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары
мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.
5. Жуу бағдарламасын ыдыстың
қаншалықты салынғандығына және
ластанғанына қарап дұрыс
орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш затты
тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Жуғыш таблеткаларды
пайдалансаңыз 'Жуғыш затты
пайдалану' тарауын қараңыз.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Су жұмсартқыш суды құрамындағы
минералдар мен тұздардан тазартады.
Минералдар мен тұздар құрылғы
жұмысына теріс әсер етеді.
Судың кермектігі эквивалент мәндермен
есептеледі:
• Германия,(dH°).
• Франция,(°TH).
• ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су
кермектігін анықтайтын халықаралық
бірлік).
• Кларк.
Су жұмсартқыштың деңгейін өзіңіз
тұратын жердегі судың кермектігіне
лайықтаңыз. Қажет болса, суды
басқаратын жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
Судың кермектігі
Судың кермектігін баптау
°dH
°TH
ммоль/л
Кларк
қолмен
электрондық
тәсілмен
51 - 70
91 - 125
9,1 - 12,5
64 - 88
2
10
43 - 50
76 - 90
7,6 - 9,0
53 - 63
2
9
electrolux
21