![background image](/i/electrolux/126853/electrolux-esf-63021/h/electrolux-esf-63021-033.png)
Құрылғының жұмыс тақтасын алу үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Артқы бұрандаларды(1) алыңыз.
2. Жұмыс тақтасын құрылғының артқы
жағынан итеріңіз(2).
3. Жұмыс тақтасын көтеріңіз де,
алдыңғы саңылаудан (3) босатып
алыңыз.
4. Құрылғының деңгейін өзгермелі
сирақтар арқылы реттеп алыңыз.
5. Құрылғыны ас үй жұмыс үстелінің
астына қойыңыз. Су түтікшелерінің
еш жерінің шиеленісіп не майысып
қалмағанын тексеріңіз.
Жөндеу жұмысын жүзеге асыру қажет
болса, құрылғыға арнайы маманның
қолы оңай жетуге тиіс. Құрылғыны жеке
қойғыңыз келсе, оның жұмыс тақтасын
үстіне орнатыңыз.
Жеке тұрған машинаның қабырғасының
төменгі жағы реттеуге келмейді.
Құрылғы деңгейін лайықтап орнату
Құрылғының есікке өте жақын әрі еш
саңылаусыз орнатылуын қамтамасыз
етіңіз. Деңгейі дұрыс орнатылған
құрылғының есігі шкаф қабырғасына
соғылмайды. Есік дұрыс жабылмаса,
өзгертпелі сирақтарды босату не қатайту
арқылы машинаның деңгейін реттеп
қойыңыз.
Суға қосу
Су құятын түтікше
Құрылғыны ыстық (макс. 60°) немесе
суық суға қосуға болады.
Егер ыстық су қоршаған ортаға зияны
жоқ басқа қуат көздерінен (мысалы күн
көзінің қуатынан, фотоэлектрлі панель
не жел қуатынан)алынса, қуат шығынын
азайту үшін ыстық суды пайдалануды
ұсынамыз.
Су құятын түтікшені резьбасы 3/4 дюйм
болатын су шүмегіне қосыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Ескі
құрылғылардың қосылым
түтікшелерін пайдаланбаңыз.
Су қысымы көрсетілген шектерден
аспауға тиіс ("Техникалық деректер"
тарауын қараңыз). Жергілікті су
басқармасынан тұратын жеріңіздегі
құбырлардың орташа қысымын беруін
талап етіңіз.
Су құятын түтікшенің еш жерінің
түйнектелмей, не жаншылып не болмаса
шиеленіспей тұрғандығын тексеріңіз.
Су құятын түтікшені контргайка арқылы
жүзеге асырылған қосылымға икемдеу
үшін солға не оңға бұрап қойыңыз. Су
жылыстап ағып кетпес үшін
контргайканы дұрыс орнатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны ұзақ уақыт
қолданылмаған құбырларға не жаңа
құбырларға қоспаңыз. Су құятын
түтікшені суды бірнеше минут
ағызған соң ғана жалғаңыз.
Су төгетін түтікше
1. Су төгетін түтікшені раковина түтігіне
жалғап, оны жұмыс тақтасының
астына бекітіңіз. Бұл раковинадан
ағатын кір су құрылғыға құйылып
кетуден сақтайды.
electrolux
33