![background image](/i/hansa/95931/hansa-fm0504/h/hansa-fm0504-031.png)
31
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
Пайдалы кеңестер
l
Тоңазытқышты және мұздатқышты қыздырғыш
құралдарының және үрме шкафтардың
маңына, сонымен қатар, күннің тікелей
сәулелері түсетін орындарға қоймаңыз.
l
Құралдың желдеткіш саңылауларын
жаппаңыз. Оларды үнемі уақытылы шаң-
тозаңдардан тазартыңыз (жылына бір-екі
рет).
l
Тиісті температураны орнатыңыз: тоңа-
зытқыш камерасында 6-дан 8°C-қа дейін, ал
мұздатқыш камерасында - - 18°C жеткілікті.
l
Үйде жоқ болған уақытта тоңазытқыш
камерасында температураны жоғарылату
қажет.
l
Тоңазытқыш және мұздатқыш камера-
ларының есіктерін қажет болмаса ашпаңыз.
Тоңазытқышта қандай өнімдер және қай жерде
сақталынатын білу қажет. Қолданылмаған
өнімдерді тоңазытқыш немесе мұздатқыш
камерасына олардың жылып кетуіне жол
бермей, мүмкіндігін-ше тез салу қажет.
l
Тоңазытқыш камерасының ішкі беттерін
ылғал шүберекпен (жуғыш құралымен
ылғалданған болуы мүмкін) жүйелі түрде
сүртіп тұрыңыз. Жібітудің автоматты жүйесі
жоқ тоңазытқышты тұрақты түрде мұзын ерітіп
тұру қажет. 10 мм-ден артық қалыңдықтағы
мұздың түзілуіне жол бермеңіз.
l
Есіктің тығыздағыш төсемдерін таза ұстаңыз,
әйтпесе есік тығыз жабылмай-тын болады.
Есіктің тығыздағыштары зақымданған
жағдайда оны жаңаларымен алмастырыңыз.
Жұлдызшалар нені білдіреді?
* -6°C-тан жоғары емес температура
мұздатылған өнімдерді шамамен бір апта
сақтау үшін жеткілікті. Бір жұлдызшамен
б е л г і л е н г е н н а у а л а р ( ж ә ш і к т е р )
және камералар көбінесе арзанырақ
тоңазытқыштарда кездеседі.
** -12°C-тан жоғары емес температура
барысында өнімдердің дәмдік сапаларын
жоғалтпай, оларды 1-2 апта сақтауға болады.
Осындай температура өнімдерді мұздату
үшін жеткіліксіз.
*** Әдетте, өнімдерді мұздату -18°C-тан
төмен температура барысында жүргізіледі.
Салмағы 1 кг-ға дейінгі балғын өнімдерді
мұздатуға мүмкіндік береді.
**** Осындай түрмен белгіленген құрал-дар
өнімдердің көп мөлшерін мұздатуға және
-18°C-тан төмен температура барысында
оларды ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік
береді.
Жұлдызшалар нені білдіреді?
l
Тоңазытқыш камерадағы ауаның табиғи
циркуляциясы камераның түрлі аймақтарында
түрлі температуралық режимді туғызады.
l
Ең салқын аймақ көкөністер мен жемістерді
сақтауға арналған науалардың (жәшіктердің)
тура үстінде орналасқан.
Осы аймақта:
балық, ет, құс еті
шұжық өнімдері, дайын өнімдер
құрамында қаймағы немесе жұмыртқасы бар
тағамдар және нан-тоқаш өнімдері,
жаңа пісірілген нан, пирожный сияқты
өнімдердің затбелгісінде шамамен 4°C
температура барысында сақтау керек екендігі
жазылған, оралған көкөністер, жемістер және
басқа балғын өнімдер
сияқты тез бұзылатын және нәзік өнімдерді
сақтау ұсынылады.
l
Ең жылы орын есіктің жоғарғы бөлігі. Осы
жерде май мен ірімшікті сақтаған жөн.
Тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ
өнімдер
l
Тоңазытқышта сақтау үшін барлық өнімдер
жарамайды. Осындай өнімдерге: банан,
авокадо, папая, маракуя, баялдылар,
қызыл бұрыш, қызанақ және қияр сияқты
төмен температураға сезімтал жемістер
мен көкөністер, піспеген жемістер, картоп,
пармезан сияқты кейбір қатты ірімшіктер
жатады.
Тоңазытқышқа азық-түлік өнімдерін салу
үлгісі (12-сурет).
KK