![background image](/i/hotpoint-ariston/155646/hotpoint-ariston-aqc9-bf7-t/h/hotpoint-ariston-aqc9-bf7-t-022.png)
22
KZ
Орнату
Кептіргіш қойылатын орын
• Кептіргішті газ плиталарынан,
пештерден, қыздырғыштардан
немесе тамақ пісіру
панельдерінен аулақ қойыңыз,
себебі жалын құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны жұмыс үлдірігі
астына орнататын болсаңыз,
құрылғының үстіндегі нысандар
мен құрылғы арасында кем
дегенде 10 мм және бүйірлері
мен жанындағы жиһаздар
немесе қабырғалар арасында 15
мм бос орын қалдырыңыз. Бұл тиісті ауа алмасуы үшін қажет.
Желдету
• Кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде тиісті желдету болуы
тиіс. Кептіргішті ылғал емес және тиісті ауа алмасуы бар
жерге қойыңыз. Жуу кезінде түзілетін суды конденсациялау
үшін кептіргіш айналасындағы ауа ағыны маңызды, кептіргіш
жабық ортада немесе шкафта тиімді жұмыс істемейді.
!
Кептіргіш кіші немесе суық бөлмеде қолданылса,
біраз конденсация болуы мүмкін.
!
Кептіргішті шкаф ішіне орнату жөн емес, алайда оны
құлыпталатын есік, сырғыйтын есік немесе топсасы
кептіргіш есігінің топсасына қарама-қарсы жақта
орналасқан есік артына ешқашан орнатуға болмайды.
Суды ағызу
Құрылғы канализацияға жақын орналасқан болса,
конденсацияланған суды су бөтелкесін қолданбай-ақ,
тікелей ағызуға болады. Бұл жағдайда су бөтелкесін
әрбір циклдың соңында босатудың қажеті болмайды.
Кептіргіш кір жуғыш машинаға жақын орналасса, бір
ағызу құбырын пайдалануға болады.
А
суретінде
көрсетілген түтікті ағытып, оны канализацияға қосыңыз.
Канализация түтіктің ұзындығы жетпейтін жерде болса,
канализацияға дейін жеткізу үшін диаметрі бірдей және
қажетті ұзындыққа ие түтікті сатып алуға болады.
Жаңа түтікті орнату үшін бар түтікті
В
суретінде
көрсетілгендей алмастырып, оны дәл сол жерге кіргізіңіз.
!
Ағызу түтігі кептіргіштің түбінен 1 м төмен орналасуы
керек.
!
Кептіргіш орнатылғаннан кейін ағызу түтігі
майыспағанына көз жеткізіңіз.
10 mm
15 mm
15 mm
2
H<1m
2
А суреті
В суреті
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын төмендегі
жағдайларды тексеріңіз:
• Қолыңыз құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
• Розетка жерге тұйықталған болуы тиіс.
• Розетка техникалық деректер тақтасында көрсетілген
құрылғының ең көп қуат шығысына төтеп бере алуы тиіс
(Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
• Ток желісінің кернеуі техникалық деректер тақтасында
көрсетілген мәндер ауқымында жатуы тиіс (Кептіргіш
сипаттамасын қараңыз).
• Розетка құрылғының айырымен үйлесімді болуы тиіс.
Олай болмаса, розетканы немесе айырды ауыстыру
керек.
!
Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
!
Жабық жер болса да, кептіргішті сыртта орнатпау қажет.
Бұл құрылғыны жауын мен найзағай астында қалдыру
өте қауіпті болуы мүмкін.
!
Кептіргішті орнату аяқталғаннан кейін ток сымы мен
айыры қол жететін жерде болуы керек.
!
Ток сымын майыстыруға немесе оған қысым түсіруге
болмайды.
!
Ауыстырылатын айыр балқытып орнатылған түрлі
болса, оны қауіпсіз түрде тастау керек. Оны розеткаға
қосуға болатын жерде қалдырып КЕТПЕҢІЗ, себебі ток
соғу қаупі бар.{}
!
Ток сымын мерзімді түрде тексеріп отыру және осы
кептіргіш үшін арнайы жасалған сыммен ауыстыру керек;
одан кейін оны тек өкілетті маман орнатуы қажет (Көмек
алу тарауын қараңыз). Өкілетті сатушылар жаңа немесе
одан да ұзын ток сымдарын қосымша бағада жеткізеді.
!
Осы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші барлық
жауапкершіліктен бас тартады.
!
Жоғарыдағы көрсетілімдер туралы күмән бар
болса, білікті электр маманға хабарласыңыз.
Кептіргішті пайдалануды бастамас
бұрын
Кептіргіш орнатылғаннан кейін, оны қолданбас бұрын
барабанының ішін тазалап, тасымалдау кезінде
жиналған кез келген кірді жойыңыз.
!
Ораушы және жеке оның элементтерi
азықпен байланысу үшiн арналмаған