![background image](/i/hotpoint-ariston/155646/hotpoint-ariston-aqc9-bf7-t/h/hotpoint-ariston-aqc9-bf7-t-034.png)
34
KZ
Жөндеу және күтім
Токты өшіру
!
Кептіргішті пайдаланбаған кезде, оны тазалаған
кезде және жөндеу жұмыстарын атқарған кезде
розеткадан ағытып қойыңыз.
Әрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау
Сүзгі кептіргіштің маңызды бөлігі: ол кептіру кезінде
түзілетін талшықтар мен түйіршіктерді жинайды.
Кептіріп болғаннан кейін су ағыны астында шаю арқылы немесе
шаңсорғышпен тазалаңыз. Сүзгі бітеліп қалса, кептіргіш ішіндегі
ауа ағыны өте нашарлайды: кептіру уақыттары ұзарып, көбірек
қуат тұтынылады. Сондай-ақ, ол кептіргішті зақымдауы мүмкін.
Сүзгі кептіргіштің алдыңғы бөлігінде орналасқан (сызбаны
қараңыз).
Сүзгіні алып тастау:
1. Сүзгінің пластикалық
қысқышын жоғары қарай
тартыңыз (сызбаны қараңыз).
2. Қысқышты босату
арқылы сүзгіні ашыңыз.
3. Сүзгінің ішіндегі
талшықтарды тазалап, оны
орнына дұрыстап қойыңыз.
Сүзгі кептіргіш корпусына
толығымен отырғызылғанына
көз жеткізіңіз.
!
Сүзгіні орнына қоймай, кептіргішті пайдаланушы
болмаңыз.
Әрбір циклдан кейін барабанды тексеру
Қалып қою мүмкін кіші заттарды (кіші орамалдар) алу
үшін барабанды қолмен айналдырыңыз.
Барабанды тазалау
!
Барабанды тазалау үшін абразивті заттарды, болат
жүнін немесе тот баспайтын болатты тазартқыш
заттарды қолданбаңыз.
Тот баспайтын болат барабанда түрлі-түсті үлдір пайда
болуы мүмкін, ол су мен кондиционер сияқты жуудан
қалған тазартқыш заттардың қосылуынан түзіледі. Бұл
түрлі-түсті үлдір кептіру тиімділігіне әсер етпейді.
Әрбір циклдан су ыдысын босату
Ыдысты кептіргіштен шығарып алып, оны шұңғылшаға
немесе басқа канализацияға ағызу жеріне босатыңыз.
Ыдысты орнына мықтап отыртыңыз.
Жаңа кептіру бағдарламасын бастамас бұрын, әрдайым
ыдысты тексеріп, босатып отырыңыз.
Конденсор бөлігін тазалау
• Мерзімді түрде (ай сайын) конденсор бөлігін шығарып,
тілімшелері арасында жиналып қалған түйіршіктерді суық
сумен шүмек астында шаю арқылы тазалап отырыңыз.
Мұны суық сумен, конденсордың артынан жасау керек.
Конденсорды шығарып алу үшін:
1. Кептіргішті розеткадан ағытып, есікті ашыңыз.
2. Конденсор қақпағын тартып ашыңыз (сызбаны қараңыз),
сағат тіліне қарама-қарсы бағытта 90°-қа бұру арқылы
үш ілмекті босатыңыз, одан кейін қысқыштан тартып,
кептіргіштен шығарып алыңыз.
3. Бекіткіш төсемдердің бетін тазалап, ілмектері мықтап
жабылғанына көз жеткізіп, көрсеткілерді жоғары
қаратып орнына салыңыз.
Кептіргішті тазалау
• Метал мен пластиктен жасалған сыртқы жақтарын
және резеңке бөлшектерін дымқыл шүберекпен
тазалауға болады.
• Жиналып қалған кез келген түйіршіктерді, талшықтарды
немесе шаңды тазалап алу үшін мерзімді түрде (6 ай
сайын) алдыңғы ауа кіргізу торын және кептіргіштің
артқы жағындағы саңылауларды шаңсорғышпен
тазалаңыз. Сондай-ақ, конденсордың алдыңғы жағында
және сүзгі аумақтарында жиналған түйіршіктерді алу
үшін кейде шаңсорғышпен тазалап отырыңыз.
!
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
!
Кептіргіште майлауды қажет етпейтін арнайы
мойынтірек құрамдас бөліктері қолданылады.
!
Электр және механикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін кептіргішті мерзімді түрде өкілетті мамандарға
тексертіңіз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Су ыдысы
Конденсор бөлігі
Конденсор қақпағы
Ілмектер
Сүзгі
Тұтқа
Ауа кіргізу
Шүмек
Артқы жағы
Алдыңғы
жағы
Конденсор бөлігі