![background image](/i/hotpoint-ariston/153708/hotpoint-ariston-fh-899-c-xa/h/hotpoint-ariston-fh-899-c-xa-080.png)
80
KZ
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ)
режимі
Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі
қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны
пайдалануға болады.
BARBECUE (БАРБЕКЮ)
режимі
THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау арқылы
орнатылатын әртүрлі қуат деңгейлері дисплейге
шығады; бұл 50% және 100% аралығында болады.
Грильдің жоғарғы және тіке температурасы қабаттың
жоғарғы температурасын қажет ететін тағамдар үшін
ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі
әрдайым жабық тұруы қажет.
GRATIN (ГРАТИН)
режимі
Осы мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген
айналымы арқылы қыздыру элементтерінің көмегімен
қамтамасыз етілетін бір бағытқа жылылық бөлінудің
тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі
және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік
береді. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі
әрдайым жабық тұруы қажет.
ПИЦЦА
режимі
Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке байланысты,
жоғары мөлшерде жылу шығарып, пешті жылдам
қыздырады. Бір жолда бірден көп тартпа қолданылатын
болса, тағам дайындау үрдісінің ортасында табақтардың
орындарын алмастырыңыз.
BAKING (ПІСІРУ)
режимі
Бұл режим температураға сезімтал болатын тағамдарды
(мысалы, көтерілуді қажет ететін торт сияқты тағамдар)
және ұннан жасалған «бір тістем» кондитерлік өнімдерді
3 тартпада бірдей дайындауға арналған.
FAST COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ)
режимі
Бұл пісіру режиміне алдын ала қыздыру қажет емес.
Бұл функция алдын ала оралған (қатырылған немесе
алдын ала пісірілген) тағамды жылдам пісіруге ыңғайлы
болып табылады. Жақсы нәтижеге бір тағам дайындау
тартпасын пайдалану арқылы қол жеткізесіз.
ТЕКСЕРУ
режимі
Пеш THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасының
позициясына қарамастан 40°C температураға жетіп,
ұстап тұрады. Бұл — ашытқымен ашытылған қамырға
тамаша режим.
Істікте қуыру*
(тек белгілі модельдерде болады)
Істікте қуыру функциясын
іске қосу үшін (сызбаны
қ а р а ң ы з ) т ө м е н д е г і
әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
і с т і к т і п е ш т і ң а рт қ ы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3.
немесе
режимдерін таңдау үшін SELECTOR
(РЕТТЕУ) тұтқасын пайдаланып гриль функциясын
қосыңыз.
Пісіруді бағдарламалау
!
Тағам дайындау режимі бағдарламалау басталардан
бұрын таңдалуға тиіс.
Пісіру ұзақтығын орнату
1. Дисплейде белгішесі мен үш сан жыпылықтағанша
түймесін бірнеше рет басыңыз.
2. Ұзақтықты реттеу үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН « » және
«
» бағытына қарай бұраңыз.
3. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде «END»
(«Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш пісіруді тоқтатады
да, дыбыстық сигнал ойнайды.
• Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Тағам дайындау режимінің аяқталу уақытын орнату
!
Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. Содан кейін,
түймесін ДИСПЛЕЙ бетіндегі
белгішесі мен екі сан жыпылықтай бастағанша басыңыз.
3. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН
«
» және « » белгілеріне қарай бұраңыз.
4. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай бастағанға
дейін түймесін қайта басыңыз.
5. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН
«
» және « » белгілеріне қарай бұраңыз.
6. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
7. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде «END»
(«Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш пісіруді тоқтатады
да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Бағдарламала орнатылғанда
және
түймелері
жыпылықтайды. ДИСПЛЕЙ пісірудің аяқталу уақыты мен
пісіру ұзақтығын алма-кезек көрсетіп тұрады.
Бағдарламадан бас тарту үшін SELECTOR (РЕТТЕУ)
тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
*
Тек белгілі бір модельдерде бар.