81
KZ
Тағам дайындау бойынша кеңес
!
Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Себебі, тым қатты тура бағытталған
қызу ыстыққа сезімтал тағамды күйдіріп жіберуі мүмкін.
!
БАРБЕКЮ (BARBECUE) ЖӘНЕ ГРАТИН (GRATIN)
пісіру режимдерінде, әсіресе бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде, тағамның қалдықтарын (май және
(немесе) тоң май) жинау үшін тұтқалы табаны 1-ші
позицияға қойыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
• 2-ші және 4-ші позицияларды пайдаланыңыз, көбірек
қызуды қажет ететін тағамдарды 2-шісіне қойыңыз.
• Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны үстіңгі
жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
• Сөрені 2 немесе 4-позицияға қойыңыз. Тағамды
сөренің ортасына орналастырыңыз.
• Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады.
Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі
және тұрақты күйде жұмыс істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА ПЕШІ
• Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
• Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру үрдісінің
ортасында пиццаның үстіне моцарелла ірімшігін қосу
ұсынылады.