Инструкция для HOTPOINT-ARISTON New Style FH 1039

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

44

KZ

Қолмен пісіру режимдері

!

 Барлық пісіру режимдерінің əдепкі орнатылған 

пісіру температурасы бар, оны 40°C пен 250°C 

аралығында қолдан реттеуге болады.

Барбекю (BARBECUE) режимінде əдепкі қуат деңгейі 

пайызбен (%) көрсетіледі жəне оны да қолмен 

реттеуге болады.

 

КӨПДЕҢГЕЙЛІ 

режим

Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске 

қосылады. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа 

тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең 

көбі екі тартпаны пайдалануға болады.

 

БАРБЕКЮ 

режимі

Үстіңгі қыздыру элементі мен бұрылмалы істік (егер 

болса) іске қосылады. Басқару тақтасының сол 

жағындағы “+” жəне “-” түймелерін басу арқылы, 

реттеуге болатын қуат деңгейлері

 

TEMPERATURE 

(температура) бейнебетінде пайда болады; олар 

5% бен 100% аралығында өзгереді. Грильдің 

жоғарғы жəне тіке температурасы қабаттың жоғарғы 

температурасын қажет ететін тағамдар үшін 

ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің 

есігі əрдайым жабық тұруы қажет.

 

ГРАТИН 

режимі

Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар 

болса) іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей 

бастайды. Айналу кезінде айналдырып қыздыру 

элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің 

жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы 

арқылы ысыту элементтерінің бір бағытқа жылылық 

бөлуінің тиімділігін арттырады. 

Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға көмектеседі 

жəне жылудың тағамның ішкі жағына енуіне 

мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда 

пештің есігі əрдайым жабық тұруы қажет.

 

LOW TEMPER

A

TURE  

(ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА) 

режимі

Пісірудің бұл түрі тексеру, йогурт дайындау, 

қажетті уақытта тамақты ысыту жəне төменгі 

температурада ақырын ас пісіру үшін қолданылады. 

Температураның опциялары: 40, 65, 90 °C.

Істікте қуыру *

Гриль істігін іске қосу 

үшін (сызбаны қараңыз) 

төмендегі əрекеттерді 

орындаңыз:

1. Тұтқалы табаны бірінші позицияға 

орналастырыңыз.

2. Гриль тірегін үшінші позицияға орналастырып, 

істікті пештің артқы қабырғасындағы тесікке кіргізіңіз.

3. Істікте қуыру функциясын 

 немесе 

 

режимдерін таңдау арқылы іске қосыңыз.

 

Автоматты пісіру режимдері

!

 

Температура мен пісіру ұзақтығы алдын ала 

орнатылған мəндер, олар əрқашан да автоматты 

түрде тамаша нəтиже алатыныңызға кепілдік береді. 

Бұл мəндер 

C.O.

P.® (Бағдарламаланған оңтайлы 

пісіру) 

жүйесін пайдалану арқылы реттеледі. 

Пісіру үрдісі автоматты түрде тоқтап, пеш тамақтың 

піскенін көрсетеді. Пештің алдын ала қыздырылған-

қыздырылмағанынан тəуелсіз, пісіруге кірісуіңізге 

болады.

!

 Пісіру сатысына жеткен кезде, пештің дыбыстық 

белгісі естіледі.

!

 Пештің есігін ашпаңыз, себебі бұл пісіру уақыты 

мен температураны бұзуы мүмкін.

 

ME

A

T (ЕТ) 

режимі

Сиыр етін, шошқа етін жəне қой етін пісіру үшін осы 

функцияны пайдаланыңыз. Етті салқын пештің ішіне 

салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған пешке 

де салуға болады.

 

ПІСІРІЛГЕН БƏЛІШ 

режимі

Бұл функция табиғи ашытқы, қопсытқыш қосылып 

дайындалатын тəттілерді, сондай-ақ ашытқысыз 

дайындалатын тəттілерді пісіру үшін тамаша 

жарайды. Тамақты пешке ол əлі қызбаған кезде 

салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған пешке 

де салуға болады.

Тағам дайындау 

режимдері

Тек белгілі модельдерде болады.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
Оглавление инструкции

Document Outline