![background image](/i/indesit/150977/indesit-i5g52g/h/indesit-i5g52g-026.png)
26
KZ
Бағдарламалар
«Жібіту» режимі
Пештің түбіндегі желдеткіш бөлме
температурасындағы ауаны тағам айналасында
айналдырып отырады. Ол тағамның барлық
түрлерін жібітуге қолайлы, бірақ әсіресе қызуды
қажет етпейтін нәзік тағамдарға жақсы, мысалы:
балмұздақ торттары, крем не тәтті крем десерттері
немесе жеміс қосылған торттар. Желдеткішті
қолдану арқылы жібіту уақыты шамамен екі есе
азаяды. Ет, балық және нан жібіткен кезде «көп
тағам дайындау» режимін қолдана отырып,
температураны 80–100 °С-қа орнату арқылы
процесті жылдамдату мүмкін.
Конвекция режимі
Термостат тұтқасының позициясы:
50
°C мен
Макс.
арасында. Бұл параметр орнатылған
кезде жоғарғы және төменгі қыздыру элементтері
қосылады. Бұл – жылуды үлестіру мен аз қуат
тұтыну жағынан өте жақсы болып табылатын пештің
классикалық, дәстүрлі түрі. Конвекция пеші бірнеше
ингредиенттен тұратын тағамды пісіру жағынан
әлі үздік болып есептеледі, мысалы қабырғалар
мен қырыққабат, испан мәнеріндегі нәлім, Анкона
мәнеріндегі қақталған балық, жұмсақ бұзау еті
мен күріш, т.б. Сондай-ақ, баяу пісірілуі тиіс және
сұйықтық қосуды қажет ететін бұзау етінен немесе
сиыр етінен тағам (бұқтырылған ет, бұқтырылған
тағам, гуляш, жабайы аң, сан ет, т.б.) дайындаған
кезде жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонда
да ол торт пен жемістерді пісіру және пеште бетін
жауып құмырада пісіру үшін ең жақсы жүйе болып
табылады. Конвекция режимінде пісірген кезде
бір уақытта тек бір май жинайтын табаны немесе
пісіру тартпасын қолданыңыз, әйтпесе қызу біркелкі
тарамайды. Әр түрлі тартпа биіктіктерін қолдану
арқылы пештің жоғарғы және төменгі жақтарындағы
қызу мөлшерін теңестіруге болады. Жоғарыдан
қанша қызу берілуі тиіс екеніне негізделе отырып, әр
түрлі тартпа биіктіктерінің ішінен таңдаңыз.
Желдеткіш қолданылатын режим
Термостат тұтқасының позициясы:
50
°C мен
Макс.
арасында.
Қыздыру элементтері мен желдеткіш қосылады.
Пештің ішінде қызу тұрақты әрі біркелкі
болатындықтан ауа тағамның бетін толығымен
біркелкі қызартып пісіреді. Бұл режимде пісіру
температуралары бірдей болса, әр түрлі тағамды
бір уақытта пісіруге болады. Бір уақытта ең көбі
2 тартпаны қолдануға болады; мына бөлімдегі
нұсқауларды орындау керек: «Бірнеше тартпада
тағам пісіру».
Желдеткіш қолданылатын осы режим гратинмен
қапталуы тиіс немесе келесі мысалдардағыдай
ұзақ уақытты қажет ететін тағамдар үшін әсіресе
қолайлы: лазанья, пісірілген паста өнімдері, тауық
пен картопты қуыру, т.б... Оған қоса, қызудың жақсы
тарауы арқасында қуырылған тағамдарды пісірген
кезде төмен температураны қолдануға болады.
Нәтижесінде шырын азырақ жоғалады, ет жұмсағырақ
болады және қуырылған тағамның салмағы азырақ
азаяды. Желдеткіш қолданылатын режим тұздықты
азырақ қосып балық дайындауға әсіресе қолайлы,
сөйтіп оның дәмі мен түрі сақталады. Десерттер:
желдеткіш қолданылатын режим ашытылған
кекстерді пісіруге өте қолайлы. Оған қоса, бұл
режимді температураны 80 °С-қа орнату арқылы ақ
немесе қызыл етті және нанды жылдам жібіту үшін
қолдануға болады. Нәзік тағамдарды жібіту үшін
термостатты 60 °С-қа орнатыңыз немесе термостатты
0 °С-қа орнату арқылы тек салқын ауаны айналдыру
мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Үстіңгі пеш
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз:
50
°C
пен
Макс.
арасына. Үстіңгі қыздыру элементі іске
қосылады. Бұл режимді тағамды дайындаудың
аяғында қызарту үшін пайдалануға болады.
Гриль
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз:
50
°C
пен арасына. Үстіңгі қыздыру элементі және гриль
істігі іске қосылады. Грильдің аса жоғары әрі тіке
температурасы ет пен қақталған етті жұмсақ түрде
қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай отырып, олардың
бетін қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары
бет температурасын қажет ететін тағамдарға грильді
пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті, қабырға
стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...
Гриль істігін пайдаланған жағдайдан басқа, пісіру
кезінде есікті әрдайым жабық ұстаңыз. Кейбір
мысалдар «Тағам дайындау бойынша кеңес»
параграфында берілген.
Желдеткішпен пісірілген гриль
«
M
» термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз:
50
°C
пен
Макс.
арасына. Үстіңгі ортаңғы қыздыру элементі
және желдеткіш іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы
арқылы қыздыру элементтерінің бір бағытқа жылылық
бөлуінің тиімділігін арттырады. Бұл тағамды күйіп
кетуден сақтауға көмектеседі және жылудың
тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Ет
пен көкөністерден, сосискалардан, қабырғалардан,
жаншылған қой етінен, дәмдеуіш соустағы тауық, құр
еті, жаншылған доңыз еті, т.б..
Гратин пісірген кезде
пеш есігі жабық болуы тиіс
. Бұл режим семсер
балық, тунец, алабұға, турама салынған каракатица
сияқты балық стейктерін дайындауға қолайлы.