![background image](/i/lg/155906/lg-g2-gold-d802/h/lg-g2-gold-d802-297.png)
11
Батарея ақпараты және күтімі
•
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа
батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін жад
әсері жоқ.
•
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG
зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
•
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
•
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз. Алмастырудан бұрын
батареяны жүздеген рет зарядтауға болады.
•
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған батареяны
зарядтаңыз.
•
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
•
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері әсер
беруі мүмкін.
•
Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
•
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші нұсқауларын
орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін тапсырыңыз. Үй
қоқысымен бірге тастамаңыз.
•
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең жақын
қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек алуға болады.
•
Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
•
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім баптауларына,
пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған ортаға байланысты
болады.
•
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың батареяға
тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
•
Қауіпсіздігіңіз үшін, өнімге енгізілген батареяны шығармаңыз.