![background image](/i/lg/155906/lg-g2-gold-d802/h/lg-g2-gold-d802-314.png)
28
Негізгі экран
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту
– саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте жолдарды
және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру
– экрандағы элементті түртіп, әрекет орындалғанша
саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол
жетімді опцияларын ашу үшін мәтінмән мәзірі ашылғанша, Контактілер
тізімінде контактіні түртіңіз және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу
– элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты көтерместен,
саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру
үшін негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Сипау немесе сырғыту
– сипау үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты
экранда тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз). Мысалы, экранды жоғары
немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыруға я болмаса солдан оңға (және
керісінше) жанап өту арқылы әр түрлі негізгі экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту
– веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз.
Мысалы, экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін
сол бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз. Суретті көріп отырып, үлкейту және
кішірейту үшін екі рет түртуге де болады.
Масштабтау үшін шымшу
– шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ
саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталар
бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде
үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру
– көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары
құрылғының физикалық бағдарына сай реттеледі.