![background image](/i/lg/155906/lg-g2-gold-d802/h/lg-g2-gold-d802-317.png)
31
Басты экранды реттеу
Негізгі экранды қосымшалар, жүктеулер, виджеттер қосу немесе
тұсқағаздарды өзгерту арқылы реттеуге болады.
Негізгі экранға элементтер қосу үшін
1
Негізгі экранның бос жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
2
Режим қосу мәзірінде қосқыңыз келген элементті таңдаңыз. Содан кейін
бұл қосылған элемент басты экраннан көрінеді.
3
Оны керек жерге алып барып, саусағыңызды алыңыз.
КЕҢЕС!
Қосымшалар мәзірінен басты экранға қосымшаның белгішесін
қосу үшін қосылатын қосымшаны түртіп ұстап тұрыңыз.
Негізгі экраннан элементті жою үшін
X
Өзіндік бет экраны
> жойылатын белгішені түртіп, ұстап тұрыңыз > оны
сүйреңіз.
Қосымшаны жылдам перне ретінде қосу үшін
X
Қосымшалар мәзірінен немесе негізгі экранда қосымша белгішесін басып
тұрып, оны жылдам перне аумағына алып барыңыз. 7 қосымшаға дейін
қосуға болады.
Қосымшаны жылдам перне аумағынан жою үшін
X
Қажетті жылдам пернені басып тұрып, оны аумағына алып барыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Қосымшалар
пернесін жоюға болмайды.
Негізгі экранда қосымшалар белгішелерін реттеу үшін
1
Қосымша белгішесі ағымдағы орнынан босағанша, оны басып тұрыңыз.
Сосын оны экранға алып барыңыз. Өңдеу белгішесі қосымшаның жоғарғы
оң жақ бұрышында пайда болады.
2
Қосымша белгішесін қайтадан басып, қажетті белгішенің дизайны мен
өлшемін таңдаңыз.