![background image](/i/lg/157882/lg-l40-d170/h/lg-l40-d170-249.png)
12
•Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG
зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
•Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
•Батарея жинағының темір түйіспелері таза болуы тиіс.
•Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз. Алмастырудан
бұрын батареяны жүздеген рет зарядтауға болады.
•Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған
батареяны зарядтаңыз.
•Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну
бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
•Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына
кері әсер беруі мүмкін.
•Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
•Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
•Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының
ең жақын қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып,
көмек алуға болады.
•Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
•Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған
ортаға байланысты болады.
•Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.