![background image](/i/lg/157882/lg-l40-d170/h/lg-l40-d170-304.png)
67
Суреттерді көру
Қол жетімді альбомдарды көрсету үшін галереяны ашыңыз.
Электрондық пошта сияқты басқа қолданба суретті сақтағанда,
суретті қамтитын жүктеп алу қалтасы автоматты түрде жасалады.
Осы сияқты, скриншотты автоматты түрде түсіру Screenshots
(Скриншоттар) қалтасын жасайды. Ашу үшін бір қалтаны таңдаңыз.
Суреттер қалтадағы жасалу күні бойынша көрсетіледі. Толық
экранда көру үшін суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті
көру үшін солға немесе оңға жылжыңыз.
Ұлғайту және кішірейту
Суретте ұлғайту үшін келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
•
Ұлғайту үшін кез келген жерде екі рет түртіңіз.
•
Ұлғайту үшін кез келген орында екі саусақты жазыңыз. Кішірейту
үшін шымшыңыз немесе оралу үшін екі рет түртіңіз.
Бейнелерді ойнату
Бейне файлдарды алдын ала қарағанда
белгішесі көрсетіледі.
Көру үшін бейнені таңдап,
пәрменін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
•
Құрылғының бағдарламалық құралына байланысты кейбір файл
пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
•
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда
қате орын алуы мүмкін.