![background image](/i/lg/157882/lg-l40-d170/h/lg-l40-d170-342.png)
105
Контактілерді ескі құрылғыдан жаңа құрылғыға жылжыту
1
Контактілерді компьютермен синхрондау бағдарламасы арқылы
ескі құрылғыдан компьютерге CSV файлы түрінде экспорттаңыз.
2
Алдымен компьютерде LG PC Suite бағдарламасын орнатыңыз.
Бағдарламаны іске қосып, Android ұялы телефоныңызды
компьютерге USB кабелін пайдаланып жалғаңыз.
3
Жоғарғы мәзірден
Құрылғы
>
Құрылғыға импорттау
>
Контактілерді импорттау
тармағын таңдаңыз.
4
Файл түрін және импорттайтын файлды таңдауға арналған
қалқымалы терезе пайда болады.
5
Қалқымалы терезеде
Select a file
(Файлды таңдау) түймешігін
басыңыз, Windows Explorer пайда болады.
6
Windows Explorer бағдарламасында импорттайтын контактілер
файлын таңдап,
Ашу
түймешігін басыңыз.
7
OK
басыңыз.
8
Құрылғыдағы контактілерді және жаңа контакт деректерін
байланыстыруға арналған
Field mapping
(Өрісті салыстыру)
қалқымалы терезесі пайда болады.
9
Егер компьютердегі контактілердегі және құрылғы
контактілеріндегі деректер арасында қайшылық болса, LG PC
Suite бағдарламасында қажет таңдауларды немесе өзгертулерді
жасаңыз.
10
OK
түймесін түртіңіз.