13
KK
Бөлшектері мен функциялары (жалғасы)
Автоматты сөндіру
Егер пісіру алаңдарының бірі іске қосылмаса немесе көп уақыт өткеннен кейін қызу
параметрі реттелмесе, сол пісіру алаңы автоматты түрде сөніп қалады .
Кез келген қалдық қызу, тиісті пісіру алаңына тиесілі сандық бейнебетте (“ыстық”)
белгішесі арқылы көрсетіледі .
Пісіру алаңы келесі уақыттарда өздігінен сөніп қалады .
Пісіру параметрлері
1 - 2
6 сағаттан кейін
Пісіру параметрлері
3 - 4
5 сағаттан кейін
Пісіру параметрлері
5 - 6
3 сағаттан кейін
Пісіру параметрлері
7 - 9
1 сағаттан кейін
Егер пештің үсті теріс іске қосылғандықтан қызып кетсе, көрсетіледі .
Содан кейін пештің үсті сөніп қалады .
Пісіру алаңдарының бірі немесе бірнешеуі, көрсетілген уақыттан бұрын сөніп
қалса, “Ақаулықты түзету” тарауын қараңыз .
Пісіру алаңдарының басқа да автоматты түрде сөніп қалу себептері
Егер сұйық тасып, басқару панеліне төгілсе, пісіру алаңдарының барлығы автоматты
түрде сөніп қалады .
Егер дымқыл шүберекті басқару панеліне қойсаңыз да, автоматты түрде сөндіру функциясы
іске қосылады . Осы екі жағдайдың екеуінде де, төгілген сұйықты сүртіп, дымқыл шүберекті
алғаннан кейін, құрылғыны негізгі қуат тетігін қолданып іске қосу керек .
Қалдық қызу индикаторы
Жеке пісіру алаңы немесе пештің үсті сөндірілгеннен кейін, қалдық қызудың бар-жоғы,
тиісті пісіру алаңының бейнебетінде (“ыстық”) белгішесі арқылы көрсетіледі . Тіптен
пісіру алаңын сөндіргеннен кейін, қалдық қызу индикаторы, тек пісіру алаңы суығаннан
кейін ғана сөнеді .
Қалдық қызуды тағамды жібіту немесе жылы ұстау үшін қолдануыңызға болады .
Маңызды
: Қалдық қызу индикаторы жанып тұрса, күйіп қалу қаупі бар деген
сөз .
Маңызды
: Егер тоқ өшіп қалса, белгішесі көрінбей кетеді де, қалдық қызу
туралы ақпарат көрсетілмейді . Дегенмен, әлі де күйіп қалу қаупі бар болуы
мүмкін . Пеш үстінің қасында тұрғанда әрқашан абай болсаңыз, бұндай жағдай
орын алмайды .
CTR364EC01_BWT_DG68-00379A-05_KK.indd 13
2014-07-15 4:14:58