Инструкция для SAMSUNG GE83MRQ

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

Казақ - 20

Код/Тағам

Үстелге тарту 

мөлшері

Құраластар

19

Мұздатылған 

пицца

370 г

Мұздатылған пицца – 350 г

Нұсқаулар

Балауыз қағазға қойылған, мұздатылған пиццаны гриль торына қойыңыз. 

Пісіре бастаңыз.

20

Арқан балық 

кәуабы

280 г

Ірі туралған арқан балық – 350-370 г,  

лимон – 25 г (шырынын сығыңыз), тұз – 5 г, май – 10 г, 

туралған балдыркөк – 10 г, істіктер.

Нұсқаулар

Барлық қоспалар мен балықты араластырыңыз. 15-20 мин тұздықтаңыз. 

Істіктерге шаншыңыз. Табаққа салып, гриль торына қойыңыз.  

Пісіре бастаңыз.

21

Боярлар еті

260 г

Шошқаның мойыны – 280 г, 4-ке бөлінген, тұз – 2 г,  

қара ұнтақ бұрыш – ½ г, шампиньон тілімдері – 45 г, 

майонез – 55 г

Нұсқаулар

Етке дәмдеуіштер қосыңыз. Етті табаққа салыңыз. Табақты гриль 

торының үстіне қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал естіле 

салысымен, еттің үстіне шампиньондарды салып, үстіне майонез 

құйыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.

22

Ақсерке 

қосылған 

самса

180 г

Мұздатылған ашыған қамыр – 130 г,  

Толтырмасы: Кішкене текшелеп туралған ақсерке филесі 

– 100 г, тұз – 1 г, табаға қуырылған,  

текшелеп туралған пияз – 20 г, кішкене текшелеп 

туралған, бітеу қайнатылған жұмыртқа – 30 г, 

жұмыртқаның сарысы – 1 дана, жағу үшін

Нұсқаулар

Қамырды жібітіңіз. 2 мм қалың етіп жайыңыз. Толтырма қоспаларының 

барлығын араластырыңыз. Толтырманы қамырдың ортасына қойыңыз. 

Қамырдың шеттерін біріктіріңіз. Пішімге келтіріңіз. Біраз жерінен тіліңіз. 

Жұмыртқаның сарысын үстіне жағыңыз. Пешті 5 мин Гриль режимімен 

алдын ала қыздырыңыз. Осы қамырды балауыз қағазға қойыңыз.  

Содан кейін гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен 

сигнал естілген кезде балауыз қағазды алыңыз. Камырды аударыңыз. 

Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.

Код/Тағам

Үстелге тарту 

мөлшері

Құраластар

23

Крупеник

224 г

(а)  Қыша қосылған ірімшік 9 % – 120-140 г, қант – 10-15 г, 

тұз – ½ г, жұмыртқа – ½ дана, пісірілген қарақұмық 

– 140 г

(b) Сары май – 5 г, нанның қоқымдары– 1-2 г

(c) Қышқыл қаймақ – 30 г

Нұсқаулар

Барлық құраластарды араластырыңыз(a). Шара тәрізді сарымай 

жағылған және нан қоқымы себілген табаққа салыңыз(b).  

Үстіне қышқыл қаймақтан құйыңыз(c). Пісіре бастаңыз.

24

Тауық 

кәуабы

280 г

Тауық сирағының филесі – 380 г, қызанақ езбесі-20 г,  

тұз - 5 г, туралған сарымсақ – 3 г, май - 7 г,  

кәдімгі йогурт – 70 г, істіктер

Нұсқаулар

Филені 3 см x 3 см текшелеп тураңыз. Маринад қоспаларының барлығын 

араластырыңыз. Тауық филесін маринадқа салыңыз. Істіктерге 

шаншыңыз. Табаққа салып, гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

25

Ет 

толтырылған 

болгар 

бұрышы

480-500 г

2 дана

(1)  Болгар бұрышы – 2 дана, әрқайсысы 80 г,  

тартылған ет (сиырдың және шошқаның) – 150-190 г 

(екі бөлікке бөліңіз), пісірілген кәдімгі күріш – 10-20 г, 

тұз – 5 г, қара ұнтақ бұрыш – ½ г, сиыр етінің сорпасы 

немесе құрғақ концентрат – 200 мл

(2)  Тұздыққа арналған қоспа: Бидай – 5 г,  

қызанақ езбесі – 10 г, су – 50 мл

Нұсқаулар

Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып, қолыңызбен 

жақсылап араластырыңыз. Бұрыштың өзегі мен дәндерін алыңыз. 

Бұрышқа ет толтырыңыз. Шараға салып, сорпаны құйыңыз(1).  

Пісіре бастаңыз. Тұздыққа(2) араластырылатын құраластардың 

барлығын дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, тұздықты ет 

толтырылған бұрыштар салынған сорпаға құйыңыз.  

Аударыстырып, пісіруді жалғастырыңыз.

GE83KRQW-1_BWT_DE68-04283B-00_KK.indd   20

2015-01-29     9:25:26

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
129
130
131
132
133
134
135
136
137
138
139
140
141
142
143
144
145
146
147
148
149
150
151
152
153
154
155
156
157
158
159
160
161
162
163
164
165
166
167
168
169
170
171
172
173
174
175
176
177
178
179
180
181
182
183
184
185
186
187
188
189
190
191
192
Оглавление инструкции

Document Outline