Инструкция для SAMSUNG WF60F4E4W2W

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

Казақ - 28

Кірді қолмен жуу 

Кірді Цикл таңдау тетігін қолданбай қолмен жууға болады. 

1. 

Кір жуғыш машинаға су құйыңыз. 

2. 

Есікті ашыңыз. 

3. 

Барабанды қатты толтырмай, кірлерді таратып салыңыз. 

4. 

Есікті жабыңыз. 

5. 

Қуатты қосу үшін 

Қуат

 түймешігін басыңыз.

6. 

Жуғыш затты, қажет болса жұмсартқышты немесе алдын ала жуғыш затты, жуғыш зат үлестіргіштің тиісті 

қорапшаларына салыңыз. 

7. 

Цикл таңдау тетігін бұрап, Хлопок (Мақта мата) циклын таңдаңыз.

8. 

Температураны таңдау үшін 

Темп. (Темп.)

 түймешігін басыңыз.

(Суық су  , 20 ˚C, 30 ˚C, 40 ˚C, 60 ˚C және 95 ˚C)

9. 

Шаю циклының санын 

Полоскание (Шаю)

 түймешігін басып таңдаңыз. 

Ең көбі бес шаю циклін қосуға болады. 
Жуу циклінің ұзақтығы сәйкесінше ұзарады. 

10. 

Айналдыру жылдамдығын таңдау үшін 

Отжим (Айналдыру)

 түймешігін басыңыз.

(

: Шаюды кідірту,  : Айналдырмау)

11.  Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау)

 түймешігін, қолжетімді Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) параметрлерін (3 сағаттан 

бастап 19 дейін, бір сағаттық қадаммен қойылады) қою үшін қайта-қайта басыңыз. Көрсетілген уақыт жуу 

циклінің аяқталу уақытын білдіреді. 

12. 

Жууды бастау үшін 

Бастау/Үзіліс

 түймешігін басыңыз.

Кір жуу туралы кеңес 

Кірді барынша таза жуу, әрі кір жуу үрдісі барынша оңтайлы болуы үшін мына қарапайым нұсқауларды орындаңыз.  

Киімді жуар алдында әрқашан затбелгісін тексеріңіз. 

Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптап жуыңыз:

•  Затбелгі: Кірді мақта мата, аралас мата, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды талшық бойынша 

сұрыптаңыз. 

•  Түсі: Ақ және түрлі-түсті етіп бөліңіз.  Түрлі-түсті заттарды жеке жуыңыз.
•  Көлемі: Үлкендіктері әр түрлі заттарды бірге жуғанда, жуу үрдісі жақсара түседі. 
•  Нәзіктік: Нәзік матадан жасалған заттарды, таза, жаңа жүн заттарға арналған, перде және жібек матаға 

арналған баппен жуу циклін қолданып жеке жуыңыз. Жуылатын киімдердің затбелгілерін тексеріңіз немесе 

Матаға күтім көрсету кестесі

“ тарауын 

38

-шы беттен қараңыз.

Қалталарды босату 

Әр жуу циклін бастамай тұрып, киімдердің барлық қалталарын босату керек.  Кішкене, пішімі бірегей емес, тиын, 

пышақ, түйреуіш және қағаз қыстырғыш тәрізді қатты заттар кір жуғыш машинаға нұқсан келтіруі мүмкін. 
Үлкен қапсырмасы, түймелері бар немесе ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз.  Киімге тағылған темір зат 

киімді, сондай-ақ барабанды бүлдіруі мүмкін.  Түймелері бар және жиектері көмкерілген киімдердің астарын, жумай 

тұрып сыртына аударыңыз.  Егер шалбарлардың немесе күртешелердің тартпалары жуған кезде ашық тұрса, 

барабанға зақым келуі мүмкін. Тартпаларды жумай тұрып салып, баумен бекіту керек.  
Ұзын бауы бар киімдер басқа киімдерге байланып қалып, оларды бүлдіруі мүмкін.  Киімнің бауларын жумай тұрып 

байлаңыз. 

Мақта матаны алдын ала жуу 

Жаңа кір жуғыш машинаңыз, соңғы заманғы жуғыш заттарды қолданғанда қуатты, уақытты, су мен жуғыш затты 

үнемдей отырып, тамаша жуу нәтижесіне жетуге көмектеседі.  Дегенмен, мақта мата қатты кірлеген жағдайда, 

протеин негізінде жасалған жуғыш затпен алдын ала жуыңыз. 

Untitled-8   28

2014-01-10   �� 2:46:40

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
129
130
131
132
133
134
135
136
137
138
139
140
141
142
143
144
145
146
147
148
149
150
151
152
153
154
155
156
157
158
159
160
161
162
163
164
165
166
167
168
169
170
171
172
173
174
175
176
177
178
179
180
181
182
183
184
Оглавление инструкции

Document Outline