Ақаулықтарды жою және қате туралы хабарламаларды оқу _35
04 АҚА
УЛЫҚТ
АР
ДЫ Ж
ОЮ ЖӘНЕ ІЗДЕУ
Ақаулықтарды жою
және қате туралы
хабарламаларды оқу
АҚАУЛЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫ ЖОю ТәСІЛДЕРІ
ҚИЫНДЫҚ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Кір жуғыш машина
қосылмайды
•
Машинаның электр желісіне дұрыс қосылғандығына көз
жеткізіңіз.
•
Есігі тығыз жабылғандығына көз жеткізіңіз.
•
Су құбыры краны ашық екендігіне көз жеткізіңіз.
•
Қосу/Тоқтату түймешесінің басылып тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Су келмей тұр немесе аз
мөлшерде келіп тұр.
•
Су құбыры кранын толық ашыңыз.
•
Су жіберетін шлангтің қатып қалмағанына көз жеткізіңіз.
•
Су жіберетін шлангтің майысып тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
•
Су жіберетін шлангінің сүзгісі кірмен бітеліп қалмағандығына көз
жеткізіңіз.
Кір жуу аяқталғаннан кейін
бөлікте кір жууға арналған
құрал қалады.
•
Машина жеткілікті су қысымында жұмыс істеп тұрғандығына көз
жеткізіңіз.
•
Кір жууға арналған құралды кір жууға арналған құрал бөлігінің
ортасына салыңыз.
Кір жуғыш машина
дірілдейді немесе тым
шулы жұмыс істейді.
•
Машина тегіс жерге орнатылғанына көз жеткізіңіз. Егер
орнатылған жер тегіс болмаса, машинаны түзу орнату үшін
аяқтарының биіктігін реттеңіз.
•
Тасымалдау бұрандаларының алынып тасталғанына көз
жеткізіңіз.
•
Машина кез келген басқа затпен жанасып тұрмағандығына көз
жеткізіңіз.
•
Кірдің біркелкі салынғандығына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш машина суын
ағызбайды немесе кірді
сықпайды.
•
Су ағызатын шлангтің майысып тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Шлангті түзетіңіз.
•
Сүзгінің кірмен бітеліп қалмағандығына көз жеткізіңіз.
Есігі ашылмайды.
•
Кір жуғыш машинадан судың толық ағып кеткендігіне көз
жеткізіңіз.
•
Есік құлпысы индикаторының жанып тұрмағандығына көз
жеткізіңіз. Суды ағызып тастағаннан кейін индикатор өшіп қалуы
керек.
Төгу сорғысының шуылы. •
Сүзгінің мата бөліктерімен бітеліп қалмағанын тексеріңіз;
шуылды болдырмау үшін сүзгіні уақытылы тазалап тұрыңыз.
Егер қиындықтар жойылмаса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.