41
12 Пайдаланушының қысқа басшылығы
TX-D сериясының сымсыз телефон аппаратын (СТА)
Құрметті сатып алушы!
Сізге біздің құрылғымызды таңдағаныңызға алғыс білдіреміз.
Сіз сатып алған құрылғының сериялық (зауыттық) нөмірі,
оның өндірілген кезі, оның қызметінің мерзімі, кепілдік шарттары,
тұтынушыдан наразылықтар қабылдауға уәкілетті және/немесе
«ТЕХЕТ» өнімін жөндейтін және техникалық қызмет көрсететін
тұлғалардың тұрғылықты жері туралы ақпарат осы нұсқаулықта
қосымша берілген Кепілдік талонында орналастырылған.
Құрылғылардың сыртқы түрі, құрылымы, құрылғылардың
сипаттамасы ұдайы жетілдірілетінін ескеруді сұраймыз,
сондықтан осы нұсқаулықта көрсетілмеген кейбір өзгерістер
болуы мүмкін; сондай-ақ сатып алушыға алдын ала ескертусіз
уәкілетті сервистік орталықтардың мекен-жайлары мен
телефондары өзгеруі мүмкін, олар туралы көкейкесті ақпаратты
www.texet.eu веб-сайтынан алуға болады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Негізгі блоктың қуат блогының айыры электр қуаты желісінен
ажырататын құрылғы ретінде пайдаланылады. Электр қуаты
желісінің розеткасын негізгі блоктың жанында орнату керек
және оған қол жеткізу оңай болуы керек.
Сәтсіз жағдайларды болдырмау үшін абонент электр
қуаты желісіне және телефондың желінің абоненттік желісіне
қосылған негізгі блокты аша алады. Аппаратты ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, қуат блогын желіден өшіріңіз.