43
ЖИНАҚ ҚҰРАМЫ
Тұтқа................1 немесе 2 дана (екі тұтқасы бар үлгілер үшін)
Негізгі блок...........................................................................1 дана
Негізгі блоктың қуат блогы.................................................1 дана
Аккумулятор....................................................1, 2 немесе 4 дана
Желілік сым..........................................................................1 дана
Пайдалану нұсқаулығы......................................................1 дана
Кепілдік талоны...................................................................1 дана
Орам.....................................................................................1 дана
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Телефон аппаратын сатып алғанда оның жұмысқа
қабілеттілігін және жинақ құрамын тексеруді талап етіңіз.
Кепілдік талонында өндіру күні және аппаратты бөлшек сауда
желісінде сату күні көрсетілгеніне, әрі сауда ұйымының штампы
бар екеніне көз жеткізіңіз. Кепілдік талоны жоғалса я болмаса
ол дұрыс емес немесе толық емес толтырылса, кепілдік
құқығынан айрылатыныңызды есте сақтаңыз.
СТА абоненттік жоғары жиілікті қондырғылар (АЖҚ),
телефондық блокираторлар және «Квант» түріне жататын АТС
арқылы қосуға арналмаған.
МиниАТС («кеңселік» АТС), ONT (Optical Network Terminal)
және телефондық желінің жұмысын эмуляциялайтын басқа
құрылғылар телефон қосылымы параметрлерінің нормативтік
құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етпейтін болса, оларға СТА
жалғауға болмайды
«Жинақ құрамы» тарауында көрсетілген сыйымдылығы бар
Ni-MH аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз. Тұтқада екі
аккумулятор пайдаланылса, әрқашан екеуін де ауыстырыңыз.
Тұтқаға кәдімгі зарядталмайтын батареяларды орнатуға
тыйым салынған. Оларды орнату жұмысқа қабілеттіліктің
бұзылуына және тұтқаның істен шығуына әкелуі мүмкін.
Қуат желісінде кернеу болмаса, бұл аппарат жұмыс істемейді.
Осыған байланысты оны абоненттік желіге 220 В желіден
қуатты қажет етпейтін аппаратпен бірге жалғау ұсынылады.