46
аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
• Пайдаланылмайтын аккумуляторларды ұзақ зарядтау
режимінде қалдырмаңыз.
• Аккумуляторларды қызудың және оттың әсерін тигізбеңіз.
• Тұтқаға (және оның ішіндегі аккумуляторларға) тік күн
сәулесінің әсерін болдырмаңыз.
• Телефон ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
аккумуляторларды тұтқадан шығарыңыз, сөйтіп таза және
құрғақ, балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аккумуляторларда
бір біріне немесе басқа металл заттарға қысқа тұйықталуы
мүмкін қорапта немесе жәшікте ретсіз сақтамаңыз.
• Сақтау кезінде ласталса, аккумуляторлардың түйіспелерін
таза, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
• Ұзақ сақтаудан кейін ең жоғары сипаттамаларға жету үшін
аккумуляторларды көп рет зарядтау және разрядтау қажет
болуы мүмкін.
• Аккумуляторларды бөлшектемеңіз және сындырмаңыз.
• Аккумуляторларға механикалық соққылардың тиюіне жол
бермеңіз.
• Аккумулятор аққан жағдайда, электролиттік теріге және
көзге тиюін болдырмаңыз. Егер тисе, зақымдалған орынды
жеткілікті су мөлшерімен шайыңыз және дәрігерге көрініңіз.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Сымсыз телефондық аппаратты оралған күйде кез келген
түрге жататын жабық көлік құралдарында минус 50-ден
плюс 50°С дейінгі температурада, атмосфералық жауын-
шашындардың, күн сәулеленуінің және механикалық
зақымдардың тікелей әсерінен қорғалған күйде, ГОСТ 23088-
80 бойынша сәйкес көлік түрінде қолданылатын жүктерді
тасымалдау ережелеріне сай тасымалдауға болады.
Сымсыз телефондық аппаратты ГОСТ 15150-69 бойынша Л
тобының жағдайларында сақтау керек.