![background image](/i/vitek/148613/vitek-vt-1663-bk/h/vitek-vt-1663-bk-024.png)
24
ҚазаҚша
• Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтықтан басқарудың жекелеген жүйесімен басқару үшін арналмаған.
• Бұл аспап тұрмыста және осыған ұқсас жағдайларда ғана пайдалану үшін арналған, мысалы:
–
дүкендерде, кеңседе және басқа да жұмыс мекемелеріндегі қызметкерге арналған асүй;
–
жеке қоныс мекендерінде;
–
уақытша мекен етумен байланысты мейрамханаларда, қонақ үйлерде;
–
- «керует және таңғы ас» типтегі мекендеу жағдайы бар мейрамханаларында.
• Қысқа толқынды пеш тағамдар мен сусындарды қыздыру үшін арналған. Тағамды немесе киімді кептіру және
жылытқыны, шәркейді, губканы, ылғал мата мен өзге де осы сияқты заттарды қыздырып алу жағдайлары пештің
бұзылуына, ондағы жалындау мен өрттің шығуына апаруы мүмкін.
• Аспапты шкаф ішіне орналастырмау керек.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрлік құрылғыны пайдалануды бастар алдында аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз және анықтамалық материал ретінде пайдалану мақсатында сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Приборды дұрыс
қолданбау оның бұзылуына және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
Күйіп қалу, электр тогынан жаралану, өрт, қысқа толқынды сәуленің таралуын және денсаулыққа зиян келу
жағдайларын болдырмас үшін мына төменде келтірілген маңызды қауіпсіздік шараларын сақтау керек.
• Пешті бірінші рет қосу алдында электр желісіндегі қысымның осы құрылғының корпусында көрсетілген қысымға
сәйкес келетіндігіне көз жеткізу керек.
• Қысқа толқынды пешті осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей өзінің мақсаты бойынша пайдалану керек.
• Қысқа толқынды пеш тағамды дайындау және дайын тағамдарды қыздыру үшін арналған.
• Пешті тағамсыз қоспау керек.
Пештің жұмысшы камерасында жану қаупін болдырмас үшін:
• пластик немесе қағаз қаптамаға салынған тағамдарды қыздыру кезінде оның қаптамасының жанып кетуін
болдырмас үшін қыздыру процесін қадағалап отыру керек;
• пешке қағаз немесе пластик қапшықтарды орналастыру алдында ондағы сымды бұрауыштарды (бекіткіштерін)
алып тастау керек;
• Егер де пештің ішінде жану жағдайы болса, онда пешті электр желісінен ажыратып, өшіру керек және жалынның
таралуын болдырмас үшін есікті жабық қалдыру керек;
• белгілі бір заттарды сақтау үшін пештің жұмысшы камерасын пайдаланбау керек, онда қағазды немесе өнімді
қалдырмаған жөн.
• Құрылғы сыртқы таймермен немесе қашықтықтан басқарудың жекелеген жүйесімен басқару үшін арналмаған.
• Ыдысты қысқа толқынды пеште пайдалану үшін жарамды екендігін алдын ала тексеру керек.
• Дайындалып жатқан өнімнің қызуынан ыдыс та қатты қызып тұруы мүмкін, сондықтан асханалық қолғапты
немесе тұтқышты пайдалану керек.
• Ыдысты пештен алу кезінде аса мұқият болған жөн, өйткені ондағы сұйықтық қысқа толқынды пеште қыздыру
біткен соң сыртқа шыққанда аса тасқынды түрде қайнауы мүмкін.
• Қысқа толқынды пеште қабығы аршылмаған жұмыртқаны, қатып пісірілген жұмыртқаны дайындауға және
қыздыруға тиым салынады, өйткені олар ішкі қысымның жоғарылауы әсерінен жарылып кетуі мүмкін.
• Баланы тамақтандыруға арналған бөтелкелер және бала тағамы бар құтыларды пешке қақпақсыз және емізіксіз
орналастыру қажет. Мұнда құты ішіндегі тағамды араластырып және жиі шайқау керек. Баланы тамақтандыру
алдында күйіп қалмас үшін құты ішіндегі тағамның температурасын тексеру керек.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
• Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан қаптама ретінде пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен пакеттермен немесе қаптама үлдірмен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының жанында балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар болса, онда аса
мұқият болу керек.
• Жұмыс істеп тұрған кезде балаларға приборды және желілік шнурды ұстауға рұқсат бермеңіз.
• Бұл құрылғы 8 жастан төменгі балалардың пайдалануына арналмаған.
• Берілген құрылғы физикалық, жүйке жүйесіндегі, психикалық ауытқулары бар немесе жеткілікті тәжірибесі мен
білімі жоқ адамдардың (жасы 8-ден асқан балаларды қосқанда) қолдануына арналмаған. Мұндай тұлғалардың
құралды қолдануы олардың қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаның қарауында болғанда, сондай-ақ, оларға
құрылғыны қауіпсіз қолдану туралы және оны қате қолданғанда туындауы мүмкін қауіптер туралы сәйкес және
түсінікті нұсқаулық берілгенде ғана мүмкін.
VT-1663_RUS.indd 24
11.02.2014 12:50:59