![background image](/i/vitek/152521/vitek-vt-2542-gy/h/vitek-vt-2542-gy-017.png)
17
ҚазаҚша
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе үлдірмен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
•
Приборды өз бетіңізше бөлшектемеңіз.
Желілік адаптердің, тұғырдың ақауын,
зақымдануын байқаған жағдайда, құрылғы
дұрыс жұмыс істемей тұрса, сондай-ақ ол
құлағаннан кейін жақын арадағы рұқсаты
бар сервис орталығына жолығыңыз.
•
Құрылғыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі жандардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ШАШ ҚЫРҚУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАНЫ
ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыны
төменгі
температурада
тасымалдаған немесе сақтаған кезде оны
бөлмелік температурада кемінде екі сағат
уақыт бойы ұстау керек.
–
Құрылғыны қораптан толығымен шығарып
алыңыз, құрылғының жұмысына кедергі
келтіретін барлық жапсырмаларды алып
тастаңыз.
–
Құрылғының
бүтіндігін
тексеріңіз,
бүлінген жерлері болған кезде құрылғыны
пайдаланбаңыз.
–
Қосар алдында, электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кереуіне сәйкес
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Аккумулятор батареясын қуаттау (АКБ)
Егер аккумулятор батареясы толығымен
зарядталса, онда машинаның үздіксіз жұмысы
45 минутты құрайды.
–
Желілік адаптердің ағытпасын (9) машина
корпусындағы ұяға (1) немесе тұғырдағы
(10) ұяға (11) салыңыз.
–
Егер сіз тұғырды (10) пайдалансаңыз, онда
оны тегіс орнықты бетке орналастырыңыз,
машинаны тұғырға орнатыңыз.
–
Желілік адаптерді (9) электр розеткасына
сұғыңыз, осы кезде қуат индикаторы (2)
қызыл түспен жанады.
–
АКБ-ның зарядталу ұзақтығы алғаш рет
пайдаланар алдында 10 сағатты құрайды.
АКБ-ның одан кейінгі зарядталу уақыты 8
сағаттан аспау керек.
–
АКБ зарядталған соң желілік адаптерді
(9) розеткадан суырыңыз және сымның
ағытпасын ұядан (1)/(11) суырып алыңыз.
Ескертпе:
–
АКБ-ны заряды толық таусылған соң ғана
қайта зарядтаңыз.
–
АКБ-ны +5° C мен +35° C аралығындағы
температуралық жағдайда зарядтаңыз.
–
Желіге қосулы тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
–
Егер
құрылғы
ұзақ
уақыт
бойы
пайдаланылмай тұрса (2-3 аптадан артық),
онда машинаны пайдаланбас бұрын АКБ-ны
толық зарядтап алыңыз.
Саптамалар (6, 7)
–
Бекіткішті (8) ұстап тұрып, саптаманы
қажетті орынға жылжытыңыз.
–
Саптаманы орнату және ауыстыру алдында
құрылғыны өшіру керек, ол үшін түймені
(3) басыңыз, желілік адаптерден жұмыс
істеп тұрған кезде оны электр розеткасынан
сурыңыз.
–
Бекіткішті (8) басып ұстап тұрып, корпустан
саптаманы шешіп алыңыз.
–
Саптаманы орнату үшін оны корпустың
артқы қабырғасындағы ойыққа салыңыз,
одан кейін бекіткішті (8) ұстап тұрып, түбіне
дейін жылжытып, бекіткішті (8) босатыңыз.
Майлағыш май
–
Машинаны әр пайдаланғаннан кейін жүзді
майлаңыз.
–
Тек жеткізу жинағына кіретін майды (12)
пайдаланыңыз.
–
Өсімдік майын немесе құрамында
еріткіштері бар майды пайдаланбаңыз.
Еріткіштер булануға ұшырайды, ал қалған
қою май жүздердің жылжу жылдамдығын
баяулатуы мүмкін.
Қырқатын машинамен жұмыс істеу
–
Аккумулятор батареясынан жұмыс істету
үшін оны толық зарядтап алыңыз.
VT-2542.indd 17
12.09.2013 17:09:34