![background image](/i/electrolux/33318/electrolux-esl-4200lo/h/electrolux-esl-4200lo-010.png)
7.1 Жуғыш затты қолдану
20
30
M AX
1
2
3
4
+
-
A
B
C
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Таблетка тәрізді құрама жуғыш
затты пайдалану
Тұз және шайғыш заты бар таблеткаларды
қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш зат
сауытын толтырмаңыз.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең
төмен мәнге қойыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш
зат мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-
жеке қолданар алдында мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
7.3 Бағдарламаны орнату және
бастау
Reset функциясы
Құрылғы кей параметрлер үшін пайдаланушы
баптайтын режимде тұруға тиіс.
Барлық бағдарлама индикаторлары жанып,
аяқтау индикаторы жыпылықтаған кезде
құрылғы параметрлерді орнату режимінде
тұрады.
Құрылғыны пайдаланушы режиміне ауыстыру
үшін Reset функциясын орындаңыз.
1. Program түймешігін барлық бағдарлама
индикаторлары жанып, аяқтау индикаторы
жыпылықтағанша басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
3. Program түймешігін орнатқыңыз келген
бағдарламаның индикаторы ғана
жанғанша қайта-қайта басыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Reset функциясын орындаңыз.
10 www.electrolux.com