![background image](/i/electrolux/33318/electrolux-esl-4200lo/h/electrolux-esl-4200lo-013.png)
6.
(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіндегі
орнына қойыңыз. Сырт етіп орнына
түскенше сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу
нәтижесі қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
9.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
9.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Қызмет көрсету орталығына хабарласпай
тұрып, ақаулықты шешуге қатысты
ұсыныстарды орындаңыз.
Кей ақаулықтар орын алғанда, индикаторлар
ара-тұра жыпылықтап, ескерту кодтарын
көрсетеді.
Ескерту коды
Ақаулық
• "Соңы" индикаторы 1 рет
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 1 рет естіледі.
Құрылғыға су құйылмай тұр.
• "Соңы" индикаторы 2 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 2 рет ара-тұра
естіледі.
Құрылғыдан су ақпайды.
• "Соңы" индикаторы 3 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 3 рет ара-тұра
естіледі.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмасаңыз.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ
13