![background image](/i/electrolux/33318/electrolux-esl-4200lo/h/electrolux-esl-4200lo-009.png)
6.3 Тұз сауытын толтыру
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең
алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұз сауытын толтырған кезде одан су
және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол бермеу
үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
6.4 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
M AX
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
E
1.
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз,
'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен
тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Шайғыш зат үлестіргіштің шынысы
(E) мөлдір болған кезде оны
толтырыңыз.
Үлестіру мөлшерін ретеу тетігін (B) 1
(ең аз мөлшер) және 4 (ең көп
мөлшер) аралығына қоюға болады.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
ҚАЗАҚ
9