![background image](/i/electrolux/33324/electrolux-esl-44500/h/electrolux-esl-44500-011.png)
Multitab функциясын жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
қосыңыз не өшіріңіз. Жуу
бағдарламасы жұмыс жасап тұрған
кезде, функцияны қосып не өшіре
алмайсыз.
Multitab функциясын қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (D) жəне (E) функция түймешіктерін
multitab индикаторы жанғанша қатар
басып ұстап тұрыңыз.
4. (D) жəне (E) функция түймешіктерін
босатыңыз. Функция іске қосулы.
• Multitab функциясын орнатсаңыз,
ол қайта өшіргенше қосулы
тұрады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш
зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке
пайдалану үшін
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (D) жəне (E) функция түймешіктерін
multitab индикаторы жанғанша қатар
басып ұстап тұрыңыз.
4. (D) жəне (E) функция түймешіктерін
босатыңыз. Функция сөндірулі.
5. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
6. Судың кермектігін ең үлкен мəнге
қойыңыз.
7. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай
орындаңыз.
8. Жуу бағдарламасы аяқталған кезде,
су жұмсартқышты тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне
қойыңыз.
9. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру RealLife
тəсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам
қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан
қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,
стакан жəне кəстрөл) аузын төмен
қаратып салыңыз.
• Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су
жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты
араласып кетпейтін етіп салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары
себетіне салыңыз.
• Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас
үшін басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
• Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда,
олардың барлық жеріне су тиетініне
көз жеткізіңіз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
• Пластик заттар мен жабысқақ емес
қаптамасы бар ыдыстарға су
тамшылары тұрып қалуы мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖƏНЕ БАСТАУ
Жуу бағдарламасын кешіктіріп
бастау функциясынсыз бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
• Тиісті бағдарламаның индикаторы
жанып тұра береді.
• Барлық басқа бағдарлама
индикаторлары сөнеді.
3. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
electrolux 11