![background image](/i/electrolux/33324/electrolux-esl-44500/h/electrolux-esl-44500-012.png)
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу
бағдарламасын бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
3. Сағат санын орнату үшін кешіктіріп
бастау түймешігін қайта-қайта
басыңыз.
• Тиісті сағат индикаторы жанады.
• Кешіктіріп бастау индикаторы
жанады.
4. Құрылғы есігін жапқан кезде кері
санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ
кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
«Кешіктіріп бастау» функциясын
болдырмау
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіріп бастау индикаторы мен
орнатылған сағат индикаторы
сөнгенше кешіктіріп бастау
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.
– Жуу бағдарламасы тоқтайды.
• Құрылғы есігін жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
Жуу бағдарламасы орындалып тұрған
кезде параметрді өзгерту үшін
бағдарламаны біржола тоқтату керек.
• Барлық бағдарлама индикаторлары
жанғанша, (B) жəне (C) функция
түймешіктерін басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде,
үзік-үзік дыбысты сигнал естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
• "Соңы" индикаторы жанады.
2. Құрылғыны сөндіріңіз.
Кұрғату нəтижесін жақсарту үшін
есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды
алыңыз
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық
ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды
алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне
су тұруы мүмкін. Тот баспайтын
болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез
салқындайды.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Бағдарлама
Ластану түрі
Ыдыс-аяқтың түрі
Бағдарлама сипаттамасы
1)
Барлығы
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кəстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C не 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
Қатты
ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кəстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
2)
Жаңа
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
12 electrolux