![background image](/i/electrolux/33324/electrolux-esl-44500/h/electrolux-esl-44500-006.png)
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Басқару құралдары басқару
панелінің үстінде орналасқан.
Басқару құралдарымен басқару
үшін құрылғының есігін ашыңқырап
ұстаңыз.
1
3
2
5
4
A
B
C
D
E
1
Қосу/өшіру түймешігі
2
Бағдарлама түймешіктері
3
Кешіктіріп бастау түймешігі
4
Индикатор шамдары
5
Функция түймешіктері
Индикатор шамдары
3h
Сағат индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау үшін үш сағат
орнатылған кезде жанады.
6h
Сағат индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау үшін алты сағат
орнатылған кезде жанады.
9h
Сағат индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау үшін тоғыз сағат
орнатылған кезде жанады.
Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде
жанады.
1)
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы
тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс əсер етпейді.
Multitab индикаторы. Бұл индикатор функцияны қосқан кезде жанады.
"Соңы" индикаторы. Ол төмендегі жағдайда жанады:
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда.
• Су жұмсартқыштың деңгейін реттеген кезде.
• Шайғыш зат үлестіргішті қосасыз не өшіресіз (тек multitab функциясы
қосулы тұрғанда ғана).
• Құрылғыда ақау пайда болғанда.
1) Тұз сауыты босап қалғанда, тиісті индикатор шамы жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде
жанбайды.
Қосу/өшіру түймешігі
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
осы түймешікті басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
он минут өткеннен кейін, Auto Off
функциясы құрылғыны автоматты түрде
сөндіреді. Бұл электр қуатын аз
тұтынуға көмектеседі.
Бағдарлама түймешіктері
Жуу бағдарламасын орнату үшін осы
түймешіктердің бірін басыңыз. Тиісті
индикатор жанады. 'Жуу
бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Жуу бағдарламасын 3, 6 немесе 9 сағат
кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті
қайта-қайта басыңыз. Тиісті индикатор
жанады.
Функция түймешіктері
Осы түймешіктердің көмегімен мына
əрекеттерді орындауға болады:
6 electrolux