58
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
Пайдалы кеңестер
• Тоңазытқышты және мұздатқышты
қыздырғыш құралдарының және
үрме шкафтардың маңына, сонымен
қатар, күннің тікелей сәулелері түсетін
орындарға қоймаңыз.
• Құралдың желдеткіш саңылауларын
жаппаңыз. Оларды үнемі уақытылы
шаң-тозаңдардан тазартыңыз (жылына
бір-екі рет).
• Тиісті температураны орнатыңыз: тоңа-
зытқыш камерасында 6-дан 8°C-қа
дейін, ал мұздатқыш камерасында - -
18°C жеткілікті.
• Үйде жоқ болған уақытта тоңазытқыш
к а м е р а с ы н д а т е м п е р а т у р а н ы
жоғарылату қажет.
• Тоңазытқыш және мұздатқыш камера-
ларының есіктерін қажет болмаса
ашпаңыз. Тоңазытқышта қандай өнімдер
және қай жерде сақталынатын білу қажет.
Қолданылмаған өнімдерді тоңазытқыш
немесе мұздатқыш камерасына олардың
жылып кетуіне жол бермей, мүмкіндігін-
ше тез салу қажет.
• Тоңазытқыш камерасының ішкі беттерін
ылғал шүберекпен (жуғыш құралымен
ылғалданған болуы мүмкін) жүйелі түрде
сүртіп тұрыңыз. Жібітудің автоматты
жүйесі жоқ тоңазытқышты тұрақты түрде
мұзын ерітіп тұру қажет. 10 мм-ден артық
қалыңдықтағы мұздың түзілуіне жол
бермеңіз.
• Есіктің тығыздағыш төсемдерін таза
ұстаңыз, әйтпесе есік тығыз жабылмай-
тын болады. Есіктің тығыздағыштары
з а қ ы м д а н ғ а н ж а ғ д а й д а о н ы
жаңаларымен алмастырыңыз.
Жұлдызшалар нені білдіреді?
* -6°C-тан жоғары емес температура
мұздатылған өнімдерді шамамен бір апта
сақтау үшін жеткілікті. Бір жұлдызшамен
бе л г і л е н ге н н ауа л а р ( ж ә ш і кт е р )
және камералар көбінесе арзанырақ
тоңазытқыштарда кездеседі.
** -12°C-тан жоғары емес температура
барысында өнімдердің дәмдік сапаларын
жоғалтпай, оларды 1-2 апта сақтауға
болады. Осындай температура өнімдерді
мұздату үшін жеткіліксіз.
*** Әдетте, өнімдерді мұздату -18°C-тан
төмен температура барысында жүргізіледі.
Салмағы 1 кг-ға дейінгі балғын өнімдерді
мұздатуға мүмкіндік береді.
**** Осындай түрмен белгіленген құрал-дар
өнімдердің көп мөлшерін мұздатуға және
-18°C-тан төмен температура барысында
оларды ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік
береді.