Инструкция для HOTPOINT-ARISTON LLD 8S111 X

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

KZ

73

Арнайы жуу циклдары 

мен опциялары

*

 

Тек кейбір үлгілерде бар.

Жуу опциялары*

Жуу  циклы  таңдалып,  Бастау/Тоқтата  тұру  түймесі 

басылғанға  дейін  ғана  ОПЦИЯЛАРДЫ  орнатуға, 

өзгертуге немесе қайта орнатуға болады.

Орнатылған  жуу  циклының  түрімен  үйлесімді  опцияларды 
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес 
келмесе 

(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)

, тиісті таңба/

индикатор шамы 3 рет жылдам жыпылықтайды.

Бұрын  таңдалған  басқа  опциямен  үйлесімді  емес  опция 
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең алғашқы болып 
таңдалған опция қосылып тұра береді.

Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін 

тиісті таңбаны/түймені тағы бір рет басыңыз. 

Кешіктіріп бастау

Циклдың  басталуын 

1–24

  сағат  аралығындағы  бір 

мерзімге кешіктіруге болады.

1.  Қажетті  жуу  циклы  мен  кез  келген  басқа  опцияларды 
таңдағаннан кейін КЕШІКТІРІП БАСТАУ таңбасын басыңыз; 
дисплейде таңба жанады. Жуу циклы басталатын уақытты 
(1–24  сағат)  таңдау  үшін  КЕШІКТІРІП  БАСТАУ  таңбасын 
басыңыз.
2. Бастау/тоқтата тұру таңбасын басып таңдауды растаңыз; 
кері санақ басталады. Таңдалған кешіктіру мерзімі көрсетіледі.
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, КЕШІКТІРІП БАСТАУ индикатор 
шамы өшеді де, жуу циклы басталады.

Белгісін  алу  үшін 

ӨШІРУ

  пайда  болғанша  КЕШІКТІРІП 

БАСТАУ таңбасын басып ұстап тұрыңыз.

Жуу циклы басталғаннан кейін КЕШІКТІРІП БАСТАУ 

функциясын орнату мүмкін емес.

 Қысқа уақыт

Жуу және кептіру өнімділігінің деңгейін төмендетпей, 
негізгі жуу циклдарының мерзімін азайту үшін осы 

опцияны қолдануға болады. 
Бұл  жуу  циклы  таңдалған  кезде  Қысқа  уақыт  түймесін/
таңбасын  басыңыз.  Опцияны  таңдаудан  шығару  үшін  дәл 
сол түймені тағы бір рет басыңыз.

  Бірнеше  функциясы  бар  таблеткалар

 

(таблеткалар)

Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады.
Бірнеше  функциясы  бар  таблеткаларды  қолданған  кезде, 
БІРНЕШЕ  ФУНКЦИЯСЫ  БАР  ТАБЛЕТКАЛАР  таңбасын 
басыңыз; дисплейде тиісті таңба/индикатор шамы жанады. 

«Бірнеше  функциясы  бар  таблеткалар»  опциясы  жуу 
циклының мерзімін ұзартады.

БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР опциясы 

бар болған кезде ғана таблеткаларды қолданған жөн.

Бірнеше функциясы бар таблеткалардың қолданылуы 

келтірілмеген жуу циклдарында бұл опцияны қолданбаған 

жөн.

 Қосымша кептіру

 

Ыдыс-аяқтың кебу деңгейін жақсарту үшін ҚОСЫМША 
КЕПТІРУ түймесін басыңыз; таңба/индикатор шамы 

жанады. Қайтадан басылса, опциядан бас тартылады.
Соңғы шаю кезіндегі жоғарырақ температура мен ұзағырақ 
кептіру кезеңі кебу деңгейін жақсартады.

ҚОСЫМША  КЕПТІРУ  опциясы  жуу  циклының 

ұзақтығын арттырады.

Ескертпелер: 

«Жылдам»  және  «Тез  30'»  циклдарын  қолданған  кезде, 
оңтайлы нәтижеге ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу 
арқылы қол жеткізуге болады.

Тұтынуды  одан  әрі  азайту  үшін  ыдыс  жуу  машинасын  тек 
толтырып жұмыс істетіңіз.

Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: 

салыстырмалы 

EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық 
хат жіберіңіз: ASSISTENZA_EN_LVS@indesitcompany.com

Бөліп жуу (Zone Wash)

Бұл  опция  жуу  циклын  тек  таңдалған  тартпада 

орындауға мүмкіндік береді. Жуу циклын таңдап, ZONE WASH 
түймесін басыңыз: таңдалған тартпа жанады да, жуу циклы 
тек таңдалған тартпада басталады. Опцияны алып тастау 
үшін түймені қайтадан басыңыз.

Бұл опцияны төмендегі жуу циклдарында қолдануға болады: 

Қарқынды

 және 

қалыпты

.

ULTRAINTENSIVE  ZONE  функциясын  іске  қосу  үшін 
БӨЛІП ЖУУ опциясын және 

Қарқынды

 циклды таңдаңыз. 

Бұл  жуу  циклы  кастрөлдер  мен  табалар,  тамақ  жабысып 
қалған  табақтар  немесе  тазалануы  қиын  ыдыс-аяқ  (үккіш, 
көкөніс  кескіш,  кірленген  ас  құралдары)  сияқты  қатты 
ластанған заттар үшін қолайлы. Шашырату қысымы мен жуу 
температурасы жоғарырақ болады, соның арқасында кетпей 
қоятын дақтарды оңтайлы өңдеу қамтамасыз етіледі.

SAVING  ZONE  функциясын  іске  қосу  үшін  БӨЛІП  ЖУУ 
опциясын және 

Қалыпты

  циклды  таңдаңыз.  Бұл  функция 

тұтынылатын қуат көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Цикл 
ұзақтығы өзгеруі мүмкін.

Ыдыс-аяқты тек таңдалған тартпаға салуды ұмытпаңыз.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
Оглавление инструкции

Document Outline